Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Халық төтенше жағдайға байланысты жол жүру билеттерін жаппай қайтарып жатыр

AstanaTV
18.03.2020ж. 20:00
2382
Халық төтенше жағдайға байланысты жол жүру билеттерін жаппай қайтарып жатыр

Елордада темір жол және әуе қатынастарының шектелуіне байланысты жұрт билеттерін жаппай кері қайтарып жатыр. Жауаптылар жұртты дүрлікпеуге шақырды. Алдын-ала сатылған билеттердің құнын қайтаратынын айтты. Тіпті билеттерді қайтаруға жарты жылға жуық уақыт берілетінін де жеткізді.

Алмас АЙТБАЕВ, «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ САТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мемлекетаралық пойыздардың тоқтатылуына байланысты, біздің кассаларымызға өте көп билет қайтарылып жатыр. Кейбір кассаларда қолма-қол ақша жеткіліксіздігі туындады.  Мұндай жағдайларда, билеттің күші жойылғанымен жолаушы кез келген өзіне ыңғайлы уақытта ақшасын алып кете алады. Ауқымды жүктеме туындағаны үшін жолаушыларымыздан түсіністік танытуын сұраймыз.

Ғ. Өтемісов