Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елбасы үндеуінен кейін ел кәсіпкерлері коронавирусқа қарсы іс-қимыл республикалық қорына үлес қоса бастады

AstanaTV
20.03.2020ж. 20:00
3040
Елбасы үндеуінен кейін ел кәсіпкерлері коронавирусқа қарсы іс-қимыл республикалық қорына үлес қоса бастады

Елбасы үндеуінен кейін ел кәсіпкерлері коронавирусқа қарсы іс-қимыл республикалық қорына үлес қоса бастады. «Верный Капитал» компаниялар тобы 1 миллион АҚШ долларын бөлу туралы шешім қабылдаған. Болат Өтемұратов карантиндегі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына 200 миллион теңге бөлген болатын. Қомақты ақшаға вирусты анықтайтын экспресс-тесттер жиынтығын сатып алынбақшы. Сонымен қатар мобильді пункттер ұйымдастырылмақ.

Болат ӨТЕМҰРАТОВ, КӘСІПКЕР:

Бүгінгі таңда әлемде коронавирус инфекциясы әр адамға қауіп төндіріп тұр. Жаһандық зауалды тоқтату мақсатында Үкімет тиісті шаралар қабылдап жатыр. Бұл өте қиын кезең және біз бір-бірімізге көмектесіп, қолдау көрсетіп, қиындықты бірге өткеруіміз керек. Мен қазақстандықтарға қолдау ретінде республикалық көмек қорына 1 миллион доллар аудару туралы шешім қабылдадым. Сондай-ақ, компания тобының кез-келген жағдайда әлеуметтік-жауапкершілік қағидаттарына сүйене отырып, бизнес жүргізетінін растаймын.


Игі бастамаға Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев та қосылды. Қос кәсіпкердің бірігіп коронавируспен күреске 1 миллиард теңге бөлмек. Қаражат Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері арқылы бөлінетін болады.

З. Санай