Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Арнайы жиынға келмеген әскери міндеттілер әкімшілік жауапқа тартылады, Н.Ермекбаев

AstanaTV
03.04.2020ж. 20:00
2325
Арнайы жиынға келмеген әскери міндеттілер әкімшілік жауапқа тартылады, Н.Ермекбаев

Арнайы жиынға келмеген әскерилер әкімшілік жауапқа тартылады. Бұл жайында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев айтты. Ол бүгін Президент жарлығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Айтуынша жиынға әскери міндеттілердің барлығы, яғни Отан алдындағы борышын өтегендер де, әскери кафедраны тәмамдағандар да шақырылады. Сондай-ақ, олар тұрғылықты мекен-жайында жұмыс істемек. Ал оның қанша уақытқа созылатынын жергілікті әкімдік шешеді деді. Есесіне бұрынғы қызметі, атқарған лауазымы, тіпті жалақысы да сақталатын жеткізді. Ал, жұмыссыз жүргендері жалақының төменгі мөлшері - 42 500 теңге алады.

Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

Олар бақылау-өткізу пункттерін күзетеді, дезинфекциялаумен айналысады. Сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысады. Аумақтық әскерлердің оқу-жаттығуға, шерулерге қатысуы, ол кеңінен қолданылып келе жатқан тәжірибе. Мұндай іс-шаралар жылда өтеді.

Әскери міндеттілерді шақырту қағазын жіберу, SMS, телефон соғу арқылы жүргізіледі. Ал заңға сәйкес бұл жиыннан босталатындары да бар. Олардың қатарына қорғаныс, тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты мемлекеттік органдарда қызмет ететіндер, егін науқаны кезінде ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер бар. Педагогтар, күндізгі оқуда білім алатындар, әйелдер, 18-ге толмаған үштен көп баласы бар азаматтар мен жергілікті атқару органдарының депутаттары да жиыннан босатылған.

Ә. Өмірзақ