Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қызылордадағы блок-бекеттердің жұмысын нұротандықтар тексерді

AstanaTV
15.04.2020ж. 20:00
3276
Қызылордадағы блок-бекеттердің жұмысын нұротандықтар тексерді

Қызылордаға кіріп-шағатындарды тексерістен өткізіп жатқан блок-бекеттерде тұратын мамандардың тамақтанатын және жатын орындары көңілге қонбайды. Келеңсіздік - "Nur Otan" партиясының облыстық филиалына қарасты партиялық бақылау және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы комиссия тексерісі кезінде белгілі болды.

Мақсұт НӘЛІБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ СЖҚІҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мынау ұйымдастыру біраз мәселелері бар. Мысалыға, барлықтарына посттағы қызметкерлерге тамақтарын уақытылы алып келгенімен де, бірақ оған кім еге болады? Оның өздерінің қол жуатын немесе басқада санитарлық өздерінің жағдайы және де сол тамақтану процесынын өзінеде белгілі бір адамның бекітілгені қажет деп санаймыз.

Қала маңындағы блок-бекеттерде жүздеген маман жұмылдырылған. Әскери, полиция, дәрігерлер мен қала әкімшілігінің қызметкерлері. Олар 12 сағаттан кезекшілікке тұрады.

Ш. Сактапова