Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

"Jas Otan" еріктілері тағы 10 000 отбасыны азық-түлікпен қамтиды

AstanaTV
20.04.2020ж. 20:00
2506
"Jas Otan" еріктілері тағы 10 000 отбасыны азық-түлікпен қамтиды

"Біз біргеміз" акциясының екінші кезеңі басталды. Оның аясында жасотандық еріктілер тағы 10 мың отбасыға азық-түлік үлестіретін болды. Бұл туралы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев айтты. Мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен қоса, тегін 50 данадан бетперде де жеткізіледі. Науқан мамыр айының ортасына дейін жалғаспақ. Жалпы алғанда, бұл іске ел бойынша 3000-нан астам ерікті қатысуда.

А. Мүтәлі