Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ел тұрғындары коммуналдық қызметтерге берілетін жәрдемақыны ала бастады

AstanaTV
24.04.2020ж. 20:00
4229
Ел тұрғындары коммуналдық қызметтерге берілетін жәрдемақыны ала бастады

Қазақстандықтар коммуналдық қызмет үшін берілетін 15 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмекті ала бастады. Мұндай төлем мұқтаждарға ғана төленетін болады. Ал оны алатын азаматтар бірнеше санатқа бөлінген. Егер коммуналдық қызметке төленетін сомма белгіленген ақшадан аз болса, онда ол келесі айға шегеріледі. Қаржылай көмек кімге беріледі? Оның талаптары қандай? Сауалдарға әріптесім жуап іздеп көрді.

Электр энергиясы, су, жылу беру қызметтері және карантин кезіндегі басқа да ай сайынғы шығындарды мемлекет төлейді. Мұндай көмек тек мұқтаж жандарға ғана берілмек.

БЛИЦ:

- Бізге осындай үлкен көмек көрсетіп отырғандары үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа  үлкен рақмет. Бізді барынша ұмытпай қол ұшын созып, қамқор болған жандарға шексіз ризамын.

- Көп балалы аналарға көмек көрсеткені үшін Президентке үлкен алғыс. "Nur Otan" партиясы мен осы күндері көмек көрсететін басқа да ұйымдар сіздерге үлкен рахмет, бәрі тез аяқталғанын тілеймін.


Бір ғана Алматыда 108 мың отбасы 15 мың теңге көлеміндегі жәрдемақыны ала алады. Қазірдің өзінде 2 мыңнан астам өтініш мақұлданыпты. Мемлекет бұл көмекті мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көп балалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға тағайындап отыр.

Әсет МАСАБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Бұл ақшаны өтініш берушінің жеке шотына аударамыз. Тұтынушы бұл соманы шешіп ала алмайды. Егер коммуналдық төлемі 15 мың теңгеден аз болса, онда қалған ақша келесі айға автоматты түрде көшіріледі.

Коммуналдық төлемге арналған жәрдемақыны елдің барлық аймағындағы мұқтаж жандар иелене алады. Өтініштерді Call-орталықтар арқылы жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.

Ғ. Өтемісов