Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

AstanaTV
03.10.2017ж. 20:00
2684
Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Қазақстанның қауіпсіздік кеңесі әртүрлі төтенше жағдайларға орай мобилизациялық дайындықты пысықтау үстінде. Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында осы төңіректегі басты мәселелер сөз болды. Әсіресе жаһандық факторларды ескере отырып, қауіпсіздік шараларының қолға алынуы тиіс екендігі айтылды.

Жиын барысында Президент құқық қорғау саласы мен арнайы органдардың мамандарына «ЭКСПО-2017» көрмесі кезіндегі қауіпсіздікті сауатты түрде қамтамасыз еткені үшін алғыс білдірді. Жиын соңында мемлекет басшысы бірнеше нақты тапсырмалар жүктеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз жалпы әлемде қандай өзгерістер болып жатқанын білеміз. Сондықтан, өздеріңізге белгілі, әрқашан барлық өзгерістерге дайын болуымыз керек.  

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ