Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматылықтар Мақтарал жұртына 70 тонна гуманитарлық көмек жіберді

AstanaTV
11.05.2020ж. 20:00
2158
Алматылықтар Мақтарал жұртына 70 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Алматылық тұрғындар топан судың астында қалған мақтаралдықтарға 70 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Негізінен азық-түлік өнімдері, киім-кешек пен төсек орын. Тауарлар артқан жүк көліктері «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында ұйымдасқан. Игі шараға қаладағы кәсіпкерлерден бөлек «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері де ат салысты. 

Станислав КАНКУРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес біздің Жаңа Алатау қоры. 03/45 Болып жатқан апаттық жағдайларға бей-жәй қарамай қол ұшын созып, өз үлесін қосқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

Мәди АХМЕТОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Алматы қаласынан жас отандықтардан құралған арнайы волонтерлер тобын алып бара жатырмыз. Олар сол жаққа барғаннан кейін жүктерді жайғастыруға, түсіруге, тасымалдауға көмек береді. Барлық карантин ережесі, төтенше жағдай ережесі сақталынды. Әрқайсысы коронавируске қатысты тестілеуден өтті.

Ә. Лесбек