Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

CTS Басқарма Төрағасы астаналықтарды әлеуметтік жауапкершілікке шақырды

AstanaTV
15.05.2020ж. 20:00
2239
CTS Басқарма Төрағасы астаналықтарды әлеуметтік жауапкершілікке шақырды

CTS басшылығы астаналықтарды әлеуметтік жауапкершілікке шақырады. Елордада қоғамдық көліктің қатынап жүргеніне осымен үшінші күн. Алғашқы күні жолаушы тасымалдау үшін 450 автобус жұмысқа шықса, қазір оның саны 530-ге жеткен. Бұл көрсеткіш карантин енгізгенге дейінгіден әлдеқайда төмен. Жолаушылар да көп емес. Соған қарамастан, басқарма басшысы қарбалас уақытта адам қарасы көп болатынын еске салды. Қала тұрғындарын карантин ережелерін ұмытпай, сақ болуға шақырды.

Бекмырза ИГЕНБЕРДИНОВ, "CTS" БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Біз қай автобуста адамдар көп қатынайтындығын анықтап, сол транспорттардың санын арттырып жатырмыз. Жүргізушілермен жұмыс жүргіземіз. Оларда қолдан келгенше жолаушыларға түсіндіреді. Бұған қоса, автобустарды көбейту бойынша бақылау мен мониторингті ұйымдастыру бойынша 250 қызметкер қосымша жұмысқа тартылды.

А. Мүтәлі