Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Оралда медицина қызметкерлері үстемақыны кері қайтарды

AstanaTV
22.05.2020ж. 20:00
4350
Оралда медицина қызметкерлері үстемақыны кері қайтарды

Оралда медицина қызметкерлері үстемақыны кері қайтарған. Денсаулық сақтау басқармасы 9 маманның қаржыны заңсыз иелегенін жария етті. Наурыз-сәуір айларында өңірдегі бір жарым мың қызметкерге 192 млн теңге үстемеақы төленіпті. Олардың арасында кеселмен күреспеген, яғни қатардағы мамандар мен сантехниктер де бар. Мұны жемқорлықпен күрес қызметі анықтаған еді. Бүгін денсаулық сақтау басқармасы, заңсыз иеленген жұмысшыларының жалақысынан қаражат қайтарылғанын мәлім етті.

Асылбек КАНАЛИЕВ, БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Бұйрық жіберілгенде оның түсіндірме қағазы болған жоқ. Түсіндірме қағазы бізге комиссия отырысы өткеннен кейін келді. Сонда айтылған: тек қана коронавирус індетіне қарсы тұрған медициналық қызметкерлерге төленеді деп, оның ішінде басқа санаттағы қызметкерлерге көрсетілмеген. Соңғы комиссияның отырысының шешімімен 9 қызметкердің ақшасы қайтарылды.

Е. Карин




Келесі жаңалық