Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

1 маусымнан бастап армениядан әкелінген көліктерді тіркеу басталады

AstanaTV
22.05.2020ж. 20:00
2999
1 маусымнан бастап армениядан әкелінген көліктерді тіркеу басталады

Алматыда 1-ші маусымнан бастап Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу басталады. Қазір арнайы "Колл орталықтар" ашылуда.  Онда тұрғындарға тіркеудің шарттары түсіндірілмек. Алайда көлік жүргізушілері шетелдік темір тұлпарларды тіркеуде асығар емес.  Армениядан кірген көліктерді жеңілдікпен кімдер тіркей алады? Ал кімдер тіркей алмайды? Сауалға жауап іздегені тілшіміз тақырыпты тарқатады.

Маусымда Армениядан жеткізілген көліктерді рәсімдеу басталады. Мұндай жеңілдікке ел аумағына ақпанға дейін кірген көліктер ғана ілігіпті. Демек Алматыдағы 500 автокөлік сары түсті нөмірді ала алады. Олар көлікті тіркеуге миллион емес, енді 11946 теңге жұмсамақ.

Жандос МҰРАТӘЛИЕВ, АЛМАТЫ қ. ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ол уақытша емес, тек көлік техникалық байқаудан өте алмайтын жағдайға дейін барған кезге дейін жүріп, кейін утилизация жасауға мүмкіншілігі бар. Қазір рәсімдеудің құны жаңағы Тех. Паспорт пен мемлекеттік номеріге ғана төленеді. Бұл уақытша, деп айтуға болмайды. Бірақ, тех. паспортта жазылады. Басқа азаматтарға сатуға болмайды, деген.


Армениялық көлікті ақтөбелік Алмаз Алдабергенов 3 миллион теңгеге әкелген. Бірақ ол бұл көлігін өмірбойы мініп жүргісі жоқ. Сондықтан тіркеуге де құлықсыз.

Алмаз АЛДАБЕРГНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тек қана Армян көліктері емес Қырғыз, Беларусь, Ресейлік көліктерді есепке қою мүмкіндігі. Өйткені олар да шетелдің көліктері ғой. Кедендік одақтың мүшесі болғандықтан бәрімізді есепке қойсын немесе осылай жүре берейік. Ертеңгі күні бұл машинаны сата алмаймыз. Жападан жалғыз өзіміз өмір бойы айдағымыз келмейді.

Ал,енді бірі жеңілдікпен берілетін сары нөмірдің ғұмырлы болатынына сенбейді. Өйткені, Үкімет қаулысындағы "уақытша" деген сөзден қауіптенеді.

Дастан ҚҰЛДАНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Сары нөмірді алу керек, тиісті, деді. Оны сосын кейін қарай шегіндірді. Содан 2021 жылға наурызға дейін аударды. Ең бірінші үкімді ешкім өзгерткен жоқ. 2021 жылы наурызда мемлекет басшыларымыздың айтпасына кім кепіл? Ал, міне уақыт бердік бір жыл, уақытша тіркеу деген жазылып тұрды.

Жалпы Армениядан елімізге 36 мыңнан аса көлік кірген. Бұл тек рөлі сол жақтағы темір тұлпарлардың саны. Оның басым бөлігі батыстағы облыстарда жүйткіп жүр. 

А. Кемелжан