Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Атырауда пайдалануға берілгеніне екі жыл да болмаған көпір сыр берді

AstanaTV
22.05.2020ж. 20:00
2875
Атырауда пайдалануға берілгеніне екі жыл да болмаған көпір сыр берді

Атырауда пайдалануға берілгеніне екі жыл да болмаған көпір сыр берді. Тұрғындар үрейленіп, желіге жариялап жіберген. Құрылысты жүргізген мекеме, бұған әкімдікті кінәлайды. Ал әкімдік болса, бұл жауын-шашынның салдары,- дейді. Тараптарды тындаған тілшіміздің бейнематериалы.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бюджеттің 9 жарым млрд теңгесіне 4 жыл бойы салынған көпірдің қазіргі сыйқы осы. Пайдалануға берілгеніне екі жыл болмаса да сыр берді. Кезінде бұл нысанды Қазақстанда жаңа технологиямен салынған ең алғашқы тірексіз көпір деп мақтаған болатын. Мақтаған нысан жаңбыр суына да шыдас бермеді.

Көпірдегі ақаулықты алғаш байқаған Махамбет ауданының тұрғыны Қоныс Сатқынғалиев. Ол жүргіншілер аумағымен өткен кезде асфальт жабындысы тесіліп қалғанын көріп қалған. Дереу оны фотоға түсіріп, әлемеуметтік желіге жариялапты.

Қоныс САТҚЫНҒАЛИЕВ, МАХАМБЕТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүгінгі күні түндегі жауыннан кейінгі сүріні тіпті көріп тұрсыздар ғой. Тездетіп жөндеу керек. Бұрынғы жөнделген жер бетон мен асфальтқа бетонмен құйылған. Екеуі бірікпеген. Сондықтан жауын кеткенде тесіп шыққан. Көрініп тұр ғой. Бұл көпірдің жетпейтін жері көп қой.

Қисмет РАСУЛИЕВ, МАХАМБЕТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қуанып еді халық бәрі. Сапасы кішкене шамалылау ма? Газон салды, ұшып кетті 1 жылдан кейін. Тағы жаны кетіп жатыр. Тастар кетіп жатыр. 

Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай алдында да болған. Ол кезде мердігер компания топырақ төгіп, бітеп кетіпті. Алайда кезекті жаңбырдан соң ойық қайта пайда болып, көлемі үлкейген. Аймақтағы атқамінерлер бұл кішігірім ақау. Ол көпірдің сапасы мен құрылымына еш әсер етпейді, деді. Әкімдік өкілі мердігерлер айдың аяғына дейін олқылықты жөндеп беруге әзір екенін жеткізді. Алайда көпірді салғандардың өз уәжі бар. "40 жылдан бері көпір салып келемін, дәл мұндай лас көпір көредім" деді бас инженер. 
 
Парвиз АХМЕДОВ, «АТЫРАУИНЖСТРОЙ» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ:
 
Екі жыл бойы оған күту жұмыстары жүрмеген. Көпірде Итальядан әкелінген өте қымбат деформациялық жік орнатылған. Оны тазалап отыру керек еді. Су өтетін жол қоқыс пен шөпке толып қалған. Біздің 5 жылға кепілдік мерзіміміз бар. Бірақ ол егер көпірдің бетоны жарылса, көпір таянышы бұзылса ғана біз жасаймыз. Ал бұл жағдайда ақаулықты дұрыстап берген күннің өзінде, жұмыс қаншаға шыққанын есептейтін боламыз.


Махамбет ауданы әкімі болса, көпірді тазалау жұмыстары уақытында жүргізілген. Бірақ жаңбыр әсер етті деп отыр.

Жәрдемғали АХМЕТОВ, МАХАМБЕТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
 
Біздің тарапымыздан күтіп ұстау көпірді былтыр да, биыл да тиісінше қаражат бөлінді. Өткен жылы мердігер бар қарап отырған. Биылғы жылдың мердігері қазіргі таңда анықталуда. Ал мынау табиғаттың құбылысынан болған жағдай.  Біз оларға талабымызды қойдық. Олар бізге жуықарада жасап бітіреді. Бұрынғы шайған жерді біз енді бетондатамыз.

Жоба бойынша көпірге дейінгі жолдың екі жақ бетіне толықтай көгал төселген. Алайда ол көп ұзамай қурап кетіпті.

Б. Надирқызы