Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлық 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

AstanaTV
08.06.2020ж. 20:00
2781
Полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлық 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Павлодарда полицей соққыға жығылды. Бұзақы тәртіп сақшысының құлағын тістеп алған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Келеңсіз оқиға демалыс күні облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің есік алдында болған. Төбелестің неден басталағанын әріптесім Өзгеріс Қуанар анықтап көрді.

Мына бейнежазбада павлодарлық тұрғынның отбасымен тұрғаны, әрі отағасының әлденені ішіп тұрғаны анық көрінеді. Оларға тәртіп сақшысы жақындап, куәлігін көрсетіп жатқаны сол еді полицейдің қолындағы құжатты қағып жібергені де байқалады.

Артынша олар жаға жыртысқан. Полицей жарақат алған. Оқиға куәгері тәртіп бұзышының - әйелі. Оның айтуынша күйеуі ішімдік ішкенімен, мас болмаған. Тәртіп сақшысы келіп, үйге жылдам кіріңдер - деп дауыс көтерді, -деді.

Ангелина ЧЕПУРНАЯ, ЖОЛДАСЫ:

Полиция қызметкері жолдасымды баламен бірге қатты итеріп жіберді. Сол сәтте балам басымен үйдің қабырғасына соғылды. Ол не бәрі 7 айлық ғана. Сосын жедел жәрдем шақырып, ауруханаға бардық. Баламның басына зақым келген. Қолымда анықтамам да бар.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Оқиға үйге кіреберістегі дәл осы жерде болған. Сол себептен де төбелес толығымен үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Ал тәртіп сақшысының бейнежетоны төбелес кезінде істен шыққан.


Полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға тұрғынның қоғамдық орында ішімдік ішкені себеп болған. Онымен қоймай ол тәртіп сақшасына дөрекі мінез көрсетіп, билік өкілін соққыға жыққан - деді. Қазіргі уақытта қылмыскер қамауға алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 2 бөлігі бойынша іс қозғалыпты.

Нұрлан МӘСІМОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Полиция қызметкері шабуыл жасаушыға ешқандай қарсы әрекет жасап немесе қорғаныс құралдарын қолданған жоқ. Себебі, шабуылдаушының қолында баласы болды. Сол себептен полицей өз-өзін тек соққыдан ғана қорғап қимыл жасады. Тіпті, видеода шабуылдаушы оны соққылап жатса да, баланы қорғау үшін әрекет етіп, ұстап қалғаны көрінеді. Ал шабуылдаушы полицейді ұрып, аяқпен теуіп, құлағын тістеп дене жарақатын салды.

Төбелестің шығуына полицейдің кәнісінің бар-жоғы анықталмақ. Ол үшін қызметтік тексеру басталыпты. Полиция бұзақының бұған дейін де қылмысы үшін сотты болғанын айтады. Егер оның кінәсі дәлелденсе 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ө. Қуанар