Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Түркістан облысында екі перзенті бар ана, үшіншісін туа сала көшеге тастап кеткен

AstanaTV
08.06.2020ж. 20:00
4651
Түркістан облысында екі перзенті бар ана, үшіншісін туа сала көшеге тастап кеткен

Түркістан облысында екі перзенті бар ана, үшіншісін туа сала көшеге тастап кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаменті айтты. Сайрам ауданының орталығы Ақсукент ауылында сүлгіге орап қалдырылған нәрестенің жылап жатқанын жергілікті тұрғын байқаған. Жексенбі күні тіркелген дерек бойынша оқиға орнына келген полицейлер сәбидің 4-5 сағат бұрын туылғанын анықтаған. Тәртіп сақшылары тез арада нәрестені аудандық орталық ауруханаға жеткізді. Полиция департаментінің дерегінше қыз баланың қазіргі жағдайы жақсы. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде шақалақтың анасы бірер сағаттың ішінде анықталып, табылған.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Сол күні бір екі сағаттың ішінде полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, сол тастап кеткен баланың анасын табады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты, жас келіншек. Ажырасып кеткен. Оның бұры ер баласы мен қыз баласы бар. Қазіргі таңда оған байланысты ҚР ҚК 119-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

А. Төребекқызы