Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Парламентке қазақ әліпбиінің латын қарпіндегі жаңа үлгісі ұсынылуы мүмкін - Е.Тілешов

AstanaTV
29.09.2017ж. 20:00
2447
Парламентке қазақ әліпбиінің латын қарпіндегі жаңа үлгісі ұсынылуы мүмкін - Е.Тілешов

Жақын арада ел парламентіне қазақ әліпбиінің латын қарпіндегі жаңа үлгісі таныстырылуы мүмкін. Бұл туралы тілшілер сауалына жауап берген Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту орталығының директоры Ербол Тілешов мәлімдеді. Оның сөзінше, күнделікті  толасыз түсіп жатқан пікірлер арасынан жиырмадан астам жаңа үлгі таңдалып алыныпты. Тілешов өз пікірін ұсынғандардың арасында шетелдік қазақтар да бар екенін айтты. Ұсыныстың басым көбі төл дыбыстардың таңбалануына қатысты жолданып жатқан көрінеді.

Ербол Тілешов, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту орталығының директоры:

Кей дыбыстарға байланысты, мен бір дыбысты мысал ғып тегін айтқан жоқпын, сондайларға байланысты тағы да балама жоба ұсынылуы әбден мүмкін. Әліпби деген заңмен қабылданатын бір экономикалық жағдай емес, ол әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс. Қазір біз ортақ шешімге келіп, жұрттың пікірін мұқият тыңдап алып, әбден тыңдап, пісіріп, одан кейін барып ұсынысты жасауымыз әбден мүмкін.

Халық У, Ң әріптерінің латынша таңбалануына қарсылық білдірген. Ескеретін жайттарды арнайы комиссия жазып алып отырған көрінеді. Қазір 1 600-ге жуық сын-ескертпелер негізге алынған. 40-83-93 нөмірлі телефонға да тыным жоқ көрінеді. Мамандар көпшіліктің пікірі ескерусіз қалмайды деп отыр.