Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда коронавирустан қайтыс болғандардың туыстары шу шығарды

AstanaTV
16.06.2020ж. 20:00
2899
Атырауда коронавирустан қайтыс болғандардың туыстары шу шығарды

Атырауда бүгін коронавирустан тағы үш адам көз жұмды. Үшеуі де Жылыой ауданының тұрғындары. Марқұмдардың туыстары жерлеу рәсімдерінің дұрыс ұйымдастырылмағанын айтып шағымданды. Оның үстіне мәйіттерді зираттардың қасына көму туралы шешімдері де күдік ұялатқан.

МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Жалпы территорияға жерлеп жатыр. Олай ететін болса күмән туып тұр. Онда мына кісі ковидтен қайтыс болған жоқ. Ол онда просто для статистики для галочки. Жазып алды. Ковидтен өлді деп бізге айтты и бізге жіберіп тұр. Келдік. Не имам жоқ. Не санитарный дәрігер жоқ. Жерлейтін адам да жоқ.


Облыстық ішкі саясат басқармасы болса, індет құрбандарына арнайы жер, жалпы қорымдардың шет жақтарынан бөлінгенін айтты. Бұл - бас санитардың қаулысымен жасалды деп түсіндірді. Ауданарда да зираттардың шет жағынан орындар әзірленіпті. Түсіндірме жұмыстарынан соң марқұмдардың бірінің туыстары қала маңында жерлеуге келісім берсе, екіншісі туған жері - Жылыой ауданына мәйітті алып кеткен.

Б. Надирқызы