Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Балаларға қарбыздың қабығын жегізген саудагер ұсталды

AstanaTV
03.07.2020ж. 20:00
3402
Балаларға қарбыздың қабығын жегізген саудагер ұсталды

Бұл видео әлеуметтік желілер арқылы тарады. Қоғамның қызу талқысына түскен бейнематериал Түркістан облысында түсірілген болып шықты. Полиция шұғыл қимылдап дөрекі саудагерді ұстады. Оқиға 2019 жылы болған көрінеді. Видео тарамағанда саудагердің жазасыз қалуы да мүмкін еді. Өйткені, бұл жәйтті балалардың ата-аналары да білмеген. Ордабасы ауданының тұрғыны бүгін көпшіліктен кешірім сұрап тағы бір видео жүктеді.

Қарбыздың қабығын жеген балаларлың ата-аналары полицияға арыз жазды. Яғни, саудагердің жауапқа тартылуы әбден мүмкін.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің назарына аузына келген былапыт сөзді айтып, екі кішкентай ұл баланы балағаттап, оларға қарбыздың қабығын жегізіп, соны өзі видеоға түсіріп тұрған азаматтың бейнежазбасы ілікті.

Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, полицейлер балаларды да тапты.

Д. Мұхаммедкәрім