Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қызылжарда 187 медицина қызметкері коронавирус індетін жұқтырған

AstanaTV
15.07.2020ж. 20:00
2557
Қызылжарда 187 медицина қызметкері коронавирус індетін жұқтырған

Қызылжарда 187 медицина қызметкері коронавирус індетін жұқтырған. Оның 60-ы әлі де емделіп жатыр. Абырой болғанда ақ халаттылардың арасында өлім жітім көрсеткіші жоқ. Жалпы, қытайлық індетпен аймақта 1200-ге жуық дәрігер күресуде. Жаман ауру соңғы екі аптада белең алған.

Нұрлан АЙМАНОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Солтүстік Қазақстанда инфекциялық стационарда 470, ал провизорлық стационарда 1190 жатын орны бар.

Індетке қатысты аймақтағы жағдайды, жедел жәрдем қызметі статистикасынан байқауға болады. Мамандардың айтуынша, соңғы кездері шақыртулар екі есе көбейген. Қазір Петропавлда 16 бригада күні-түні жұмыс істеп жүр. Маман тапшылығы байқалады. Басшылық, медициналық колледж түлектерін қабылдаған.

Владимир ЖУЖГОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ең алдымен жағдайы ауыр науқастарға барамыз. Әрине, шақыртулардың көбі коронавирус індетіне байланысты. Үлгермей жатамыз. Сондықтан кейбір адамдар сағаттап күтіп қалады.

Бүгін Қызылжарға Катар мемлекетінен гуманитарлық көмек келді. Онда, медициналық бетперде, қорғаныш киімдері мен көзілдіктер, ұзын саны 30 мыңнан астам зат бар. Бұл құралдар аймақтағы 27 мекемеге бұйырды. Гуманитарлық көмектің заңды түрде таратылуын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жіті қадағалауына алды.

А. Құрманкин