Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Аптап ыстық тамыздың 10-на дейін сақталады

AstanaTV
15.07.2020ж. 20:00
3539
Аптап ыстық тамыздың 10-на дейін сақталады

Елге аптап ыстық келді. Әсіресе батыс өңірлер мен оңтүстік аймақтарда және Қостанай мен Қарағандыда күн күйіп тұр. Синоптиктердің болжамына сенсек аптап ыстық осы аптаның соңына дейін сақталады. Аймақтарда 39-42 градусқа дейін ысуы мүмкін. Бұл болжам төтенше жағдайлар басқармасын алаңдатты. Ыстық күндері жағажайларда адам ерекше көбейеді. Қатаң карантин режиміне бағынбағандар тиым салынған су қоймаларына дейін барады.

Мұрат ҚАТПАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Осы күндері демалыс орындарына су айдындарына және ормандарға, табиғатқа шығудан бас тартуларыңызды сұраймыз. Демалыс орнында болған жағдайда судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Бірақ, өкінішке орай мамандардың кеңесіне көбі құлақ аспайды. Сондықтан да апатап ыстық кезінде су қоймаларында өлім көбейеді. Жаз шыққалы бері Қарағанды облысында 5 адам суға ағып кеткен.

А. Қуаш