Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президент әкімшілігінің өтініштерді қабылдау бөліміне 30 мыңнан астам шағым түскен

AstanaTV
22.07.2020ж. 20:00
5391
Президент әкімшілігінің өтініштерді қабылдау бөліміне 30 мыңнан астам шағым түскен

Президент әкімшілігінің өтініштерді қабылдау бөліміне бір жылда 30 мыңнан астам өтініш түскен. Халықтың арыз-шағымын қадағалау бөлімі өткен жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен құрылған еді. Басты мақсат «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру. Қабылдау бөліміне ай сайын 2,5 мыңға жуық арыз келіп түседі. Өтініштерді қадағалау бөлімінің мамандары Президент әкімшілігіне жолданған шағымдардың барлығы назардан тыс қалмайтынын айтты. Тіпті олардың жартысынан көбі шешілді деп отыр.

Данияр ҚАДЫРОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУДЫ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда өтініштерді қабылдау 40 пайызға артып отыр. Бұл енді халық тарапынан осындай бөлім ашылғанын, Президент үндеуінің іске асып жатқанының нақты белгісі деп айтуға болады.


Данияр Қадыровтың айтуынша, бөлім барлық мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді. Азаматтар жеке қабылдауға жазылып ғана қоймай, өтініштерін онлайн жібере алатынын айтты. Оның дерегінше бір жыл ішінде 2 мыңға жуық адам жеке қабылдауға жазылған. Ал арызданушылардың басым бөлігі...

Данияр ҚАДЫРОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУДЫ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Арызданушылардың көбі сот шешімімен келіспейтіндер. Заңды түрде шешуге тырысамыз. Егер шешілмеген болса, онда ол кісіге барлығы түсіндіріледі.


Өтініштерді қабылдау бөліміне жүгінген азамат көп. Солардың бірі Атыраулық Бихан Тәженова. Ол екі жыл бұрын апатты үйін қалпына келтірем деп, пайызға несие алған. Алайда қарызын кешіктіріп, соттың шешімімен баспанасынан айрылыпты. Амалы таусылған Атырау қаласының тұрғыны өтініштерді қабылдау бөліміне жүгінген. Өтініш жерде қалмай, үйін қайтарып алған.

Бихан ТӘЖЕНОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
«Слышащее государство» деген акция болып, сол Президенттің арқасында мен бүкіл мемлекеттік органдардың өмірі есігін ашпаған, есігін ашып, барлық  мемлекеттік органдарда болып,  мені естіді. Мені естіп, соның арқасында қарашаңырағым өзіме бұйырды.


Данияр Қадыров алдағы уақытта Президент әкімшілігінің өтініштерді қабылдау бөлімі елдің барлық өңірін қамтитынын жеткізді. Осылайша, халық пен билік арасындағы көпір нығая түсетініне сенімді. 

Ғ.Өтемісов