Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда пайда болған сұр жыландар тұрғындар арасында дүрбелең тудырды

AstanaTV
22.07.2020ж. 20:00
5457
Алматыда пайда болған сұр жыландар тұрғындар арасында дүрбелең тудырды

Алматыдағы орталық саябақтардың бірінде жүрген мына сұр жылан, бүгін жұрт арасында дүрбелең тудырды. Демалыс орнына серуендеуге келген тұрғындар оның емін-еркін жорғалап жүргенін көріп, шошыған. Видеоға түсіріп әлеуметтік желіге де жүктепті. Мамандар жергілікті тұрғындарды тыныштандыруға асықты. Олар бұл жыландар адам өміріне қауіп төндірмейді деді. Сондықтан одан қорықпауға, әрі оған тиіспеуге кеңес береді.

Сәкен ДІЛДАХМЕТ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Саябақ болғаннан кейін жақын маңда су болғаннан кейін мұндай жәндіктерді кездестіруге болады. Енді бұл жыланды жорамалдап айтсақ, у-сыз жылан. Негізі осы азаматтар жабайы жәндіктер жануарлармен кездескенде барынша оларға тиіспей айналып өтуі керек.

 
 Ә. Лесбек