Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Праймериз кезінде дауыс беру онлайн-форматта өтетін болды

AstanaTV
29.07.2020ж. 20:00
4689
Праймериз кезінде дауыс беру онлайн-форматта өтетін болды

Тамыздың 17-сі басталатын праймериз, пандемияға байланысты дауыс беру онлайн өтетін болды. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Фейсбуктағы парақшасында хабарлады. Партияішілік сайлауға енгізілген толықтыру Елбасының тапсырмасымен қолға алынған. Бауыржан Байбек мұны саяси кеңес мүшелері де қолдап, сырттай дауыс бергенін жеткізген. 

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Онлайн-формат - партияның ашық әрі қолжетімді бола түсуіне жасалған тағы да бір қадам. Әсіресе, жастар үшін жақсы мүмкіндік. Елбасының тапсырмасы бойынша әрбір мәслихат пен Мәжіліске арналған партиялық тізімдерде кемінде 20% 35 жасқа дейінгі жастарды қамту жоспарланып отыр. Адал да бәсекелік негізде праймериз өткізу бәріміз үшін маңызды. Сарапшылар қоғамдастығы ағымдағы қоғамдық-саяси мәселелерді шешуде бұдан үлкен үміт күтіп отыр. Мұны таяуда өткен «Nur Otan» жақтастары Лигасының дискуссиясы нақты көрсетті.

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек «Нұр Отанның» елімізде бірінші болып "Электронды партия" жобасын қолға алғанын атап өтті. Партияның орталықтандырылған деректер базасы жасалып, онлайн қоғамдық қабылдау, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жаңа коммуникация арналары енгізілгенін де еске салды. Осының арқасында карантин кезеңінде партияға түскен онлайн-өтініштер саны 5,3 есеге артқан. «Электронды партия» жобасы «Праймериз» ақпараттық жүйесін әзірлеуге негіз болыпты.

Т. Оспанбаева