Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қостанай мен Ақмола облыстарында коронавирус бойынша жағдай күрделі

AstanaTV
04.08.2020ж. 20:00
2095
Қостанай мен Ақмола облыстарында коронавирус бойынша жағдай күрделі

Қостанай мен Ақмола облыстарында коронавирус бойынша жағдай күрделі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында баяндады. Аталған аймақтарда кеселдің өршуі басылмай тұр. Бұдан бөлек, өткен тәулік ішінде індеттен 33 науқастың көз жұмғанын хабарлады.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Статистиканы есепке алу тәсілдерінің өзгеруіне байланысты 1 тамыздан бастап Денсаулық сақтау министрлігі тамыздың алғашқы он күніндегі деректер негізінде репродукция көрсеткішіне қайта есептеу жүргізеді. Өңірлердегі жағдайды одан әрі бағалау жалғасады. Шектеу шараларын одан әрі жеңілдету де осыған байланысты болмақ.

Жағдайға қаныққан Үкімет басшысы, министрлікке коронавирусқа шалдыққандарды емдеуді, әрі карантин қағидаларын қатаң сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жан-жақты жалғастыруға пәрмен берді. Сондай-ақ, пандемияның күздегі толқына дайындықты пысықтауды тапсырды.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Пандемияның жаңа толқыны күзде пайда болуы мүмкін және оған дайын болуымыз керек.  Әр өңір алдын алу үшін  барлық белгіленген талаптарын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралардың кешенін іске асыру қажет. Ералы Лұқпанұлы, жағдайды бақылауда ұстаңыз!

COVID-19-ды өткен тәулікте тағы 1200-ге жуық адам жұқтырғаны белгілі болды. Ел аумағы бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны: 93 мыңнан асты. 65 мың науқас сауығып, үйлеріне босатылды. Өкінішке қарай, 1091 адам бақилық болды.

А. Данияр