Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Түркістан облысында әйелін балталаған адам сотталды

AstanaTV
21.08.2020ж. 20:00
2232
Түркістан облысында әйелін балталаған адам сотталды

Түркістан облысында асқан қатігездікпен жасалған қылмыстық іске нүкте қойылды. Өз әйелін балталап тастаған 51 жастағы азамат 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Жолдасының қолынан жарымжан болып қалған келіншек, "Сот әділ үкім шығарды," деп отыр. Әріптесім Айзада Төребекқызы жалғастырады.

Аса ауыр қылмыс Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Маусым айында сотқа жеткен іске бүгін бүгін нүкте қойылды. Жарын балталаған азамат 11 жыл үш айға қамалды.

Қасым ҚАЛМАҒАМБЕТОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ  ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ  ТӨРАҒАСЫ:

 
Өзінің әйеліне өлтіру мақсатымен бірінші қолына, содан кейін барып басына және денесінің басқа да жерінен балтамен өлтіру мақсатында жарақат келтіргені үшін яғни әйелін өлтіруге оқталғаны үшін сотталды.

Еске салайық, жантүршігерлік қылмыс биыл 27- сәуір күні Келес ауданында болды. Абай ауылының 51 жастағы тұрғыны келіншегін көшеде балтамен ұрған.

ӘУЕСҚОЙ ТҮСІРІЛІМ:

Жұмысқа шығып келе жатқанымда күйеуім Матқұлов Мұрат мені балталап тастады. Тегі сөзге келмейді, өлтіремін дегеннен басқаны айтпайды. Сонымен 15 жыл отасып, 16 жылдан бері көретін жәбірлігім сол. Тек зорлық пен зомбылық.

46 жастағы келіншек ауыр соққыдан кейін бір көзінен айырылған. Екінші топтағы мүгедек болып қалды. Ал, бұрыңғы күйеуі болса жасаған қылмысына өкініш білдіреді. Екі қызын алып кетіп қалған әйелін ол осылайша қорқытпақ болыпты.

Жанар ӘЙТІМБЕТОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ЖЕҢГЕСІ:


Ажырасып та көрді бұнымен. Әйтеуір 2 қызы жетім болмасын осылар әкесі жоқ боп өспесін деп, жалынып келгеннен кейін Құран ұстап бізге ант-суын ішкеннен кейін жарастырып біз.. Осы уақытқа дейін жазаланбады ғой бұл. Неше рет ұрды, басқа қылды. Әйтеуір шығып кете береді ғой тыныш қана.

Жәбірленген келіншектің жағдайы қазір де мәз емес. Бұған дейін екі ота жасалған. Алда тағы екеуі бар.

А. Төребекқызы