Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Зейнетақы қорындағы қаржыны кім ала алады?

AstanaTV
02.09.2020ж. 20:00
2888
Зейнетақы қорындағы қаржыны кім ала алады?

Кешелі бері ел аузында жүрген зейнетақы қорындағы қаржыны кімдер ала алатыны белгілі болды. Еңбек және Әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бүгін Үкімет сағатында 530 мың жұмысшының мұндай құқыққа ие екенін жеткізді. Сонымен қатар, 178 мың зейнеткер де бұл қаржыны сұрата алады. Оларға тіпті жинақ соммасының 50 пайызын беру де қарастырылған. Толығырақ Айя Мүтәлінің материалында.

Президент халыққа өз Жолдауын жеткізді. Ал, Үкімет дереу іске кірісті. Министерлер кабинетінің бас қосқандағы мақсаты да осы. Мемлекет басшысы жүктеген әр тапсырма мұқият қаралды. Бірақ нақты шешімдер әлі  жоқ. Әсіресе, зейнетақы қорында жатқан қаржыға келгенде.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Бүгінде мақұлданған тұжырымдамалық шешім бар. Аталған мақсаттарда өз зейнетақы жинақтауларын пайдалануға  721 мың адам адамның мүмкіндігі болады. бұл шамамен, 1,4 трлн теңгені құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, министр жыл басында ғана 30 жасқа толған ер адамдар үшін шекті меже 6,7 миллион теңге, ал әйелдер үшін 9,6 миллион теңге деп еді. Сөйтіп, бас-аяғы 230 мың адам ғана зейнетақы қорындағы жарнаны ала алатындығын білдік. Президент бұл тізімді қайта қарауға міндеттеді. Осылайша, зейнетақыға жиналған қаражатты енді 700 мың адам ала алады. Министрдің айтуынша, олардың 530 мыңға жуығы жұмысшы, ал 178 мыңнан астамы зейнеткер екен. Қариялар қордағы қаржысының 50 пайызын ала алады. Ал, Жолдау бойынша жұмыс жүргізу үшін жалпыұлттық жоспар қажет. Оны дайындауға, Үкімет босшысы екі күн уақыт берді.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
 
Мемлекеттік органдарға жалпыұлттық жоспарға қатысты ұсыныстарын 4 қыркүйекке дейін ұлттық экономика министрлігіне енгізуді тапсырамын.

Жолдау - министрлер кабинетіне біраз жұмыс жүктегені анық. Әсіресе агроөнеркәсіп саласына серпін қажет. Ол, үшін Үкімет қысқа мерзімде арнайы бағдарлама дайындап шығуы тиіс.

А. Мүтәлі