Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған үйден шу шықты

AstanaTV
11.09.2020ж. 20:00
2765
«Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған үйден шу шықты

Елордада «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынған үйден шу шықты. Көппәтерлі баспананың - «техникалық қабатын» бәзбіреулер иемденіп алған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ең үстіңгі қабаттан олар Хостел ашпақшы. Мәселенің ақ-қарасын әріптесім Айя Мүтәлі анықтап көрді.

Мына көпқабатты үйде мүгедектер, жетімдер мен тұрмысы төмен отбасылар тұрады. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған баспананы мемлекет осыдан 2 жыл бұрын табыстаған. Пәтер кезегін 10 жылдан аса уақыт күткен жұрт үшін бұл үлкен қуаныш еді. Алайда, ол ұзаққа созылмаған сыңайлы. Өйткені тұрғындардан маза қашқан.  

Алтынгүл БАЛАБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
2019 жылы мына Всегда успех организациясы келіп, біздің үстімізден дайын кондаминум құжаттарымыздың үстінен собственность оформлять етіп алған. Қандай негіздеме арқылы оны білмейміз. Біздің сөзімізді еститін адам қалмады.


Жергілікті тұрғындардың байбалауым салуы да жай емес. Себебі, коммуналдық жүйенің барлығы осы техникалық қабатта орналасқан. Олар енді оның бірі істен шықса кім жауап беретінін түсінбей дал. Оның үстіне, «техникалық қабаттың» иесі территориясын қоршап алған көрінеді. Есікті кілттеп, іште заңсыз жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр,  дейді базыналы жұрт.

Сымбат ОМАРБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ол жерде тұру невозможно. Мынандай-мынандай потолок. Олар айтады біз тұрмаймыз. Біз бизнес жасаймыз дейді. Біз салон ашамыз. Біз Хостел жасаймыз. Біз өзіміз білеміз дейді. Су құбырлары сол жерде. Тоқтың барлық жиынтығы сол жерде. Ертең Құдай сақтасын бір пәле болып қалған жағдайда біз кімді іздейміз? Біз барып салон красотыға барып шағымданамыз ба?  

«Техникалық қабаттың» иесінің де өз уәжі бар. Айтуынша, осы тұрғын үйді салған құрылыс компаниясы оны осыдан 3 жыл бұрын тақырға отырғызып кеткен. Өзі сияқты  бас-аяғы 33 салымшының бар екенін айтты. Алданған үлескерлерге сот баспананың үстіңгі қабатын бөліп берген.

Лаура ШАГИРОВА, ҮЛЕСКЕР:
 
Біз алданған үлескерлерміз. Бұл жерде ешқандай хостел болмайды. Өзімізге үй саламыз. Техникалық қабатта тұруға болмайды деп кім айтты? Байқасаңыздар, қаланың әрбір тұрғын үйінде үстіңгі қабатта тұрып жатқандар бар. Біз барлық қауіпсіздік шараларын сақтап жатырмыз.

Десе де, ашулы жұрт бұған көндігер емес. Жаңа көршілерінің үстінен сотқа арыз жазыпты.

А. Мүтәлі