Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Кеңес Одағы тіріліп, ортақ валюта пайда болады, деген шындық па?

AstanaTV
16.09.2020ж. 20:00
5748
Кеңес Одағы тіріліп, ортақ валюта пайда болады, деген шындық па?

Төл теңгеміз осы жылдың соңында «Алтын» валютасына ауысады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы осындай хабарлама жиі тарап жүр. Қауесет екенін біле тұра кейбір ағайын осыған нанады. Жауапты органдар сан мәрте теріске шығарсада "жалған ақпарат" тарататындар азаятын емес. Оны кім және не үшін айтып жүр? Әріптесім Ғалымжан Өтемісов жауап іздеп көрді.

Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:

Дәл осыған ұқсас жазбалардың тарап жатқанына талай жыл болды. Теңге құлдырайды, теңге ауысады немесе келмеске кеткен Кеңестік Одақ тіріліп басқа ақша шығады деген қауесет айына бір шығады десек артық айтпаған болармыз. Жауапты органдар да талай ақпаратты теріске шығарып, ресми мәлімдеме жасаған. Бірақ қауесет басылар емес.


Мұндай қауесеттің тарап жүргеніне 30 жылға жуықтады. Иә, бұл Тәуелсіздік алғалы бері ара ұра шығып тұратын "тұрақты" тақырыптың бірі. 2015 жылы шыққан осындай ақпараттың бірін Ұлттық Банктің өзі теріске шығарған. Алайда ол, "фейк жаңалықтарды" азайта алмады.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде, сондай-ақ Whtsapp және басқа да мессенджерлер арқылы Қазақстанның жаңа валютаға – "Алтынға" өтуі және теңгенің құнсыздануы туралы ақпарат таратылуда. Аудиохабардағы белгісіз дауыс кезекті рет қазақстандықтарды шұғыл түрде ақшаны долларға айырбастауға немесе автокөлік, пәтер сатып алуға шақыруда.

Ұлттық банк бұл ақпараттың экономикалық қаскүнемдікке шақыратын дәйексіз ақпарат екенін ресми түрде хабарлайды.

Бұл ақпаратты, "Сыртқы күштер" яки басқа мемлекеттердің әдейі таратуы мүмкін. Бұл сарапшылардың пікірі. Айтуларынша, ұлттық валютаны әп-сәтте ауыстыра салу оңай процесс емес.

Жангелді ШЫМШЫҚОВ, САРАПШЫ:

Мүмкін бұл сырттан әрекет жасап жүрген астыртын адамдардың әрекеті болуы мүмкін. Путин билік басына келген кездегі ең бірінше сөзі мынадай болды. Тасты жан-жаққа лақтырған кезең өтті. Енді сол тастарды жинайтын кезең келді деп.


"Жалған жақсылыққа жетелемейді", деген. Фейк таратқандардың талайы Заңды жазасын да алды. Кейбірі айып пұл төлеп құтылса, енді бірі түрмеге де қамалды.

Данияр ОРАЛОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жалған ақпарат тарату әрекеті үшін бірнеше мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеумен басталып, бірнеше жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылу жазасы қарастырылған. Сондықтан азаматтарды жалған ақпарат таратпауын сұраймыз.  

Заңгерлер де мұндай ақпаратқа күмәнмен қарайды. Өйткені, "Валюталық бақылау" Заңында ақша ауыстыру жайлы ешқандай бап немесе тарау қарастырылмаған. Демек, Мемлекет өз бетінше ондай шешім қабылдай алмайды.

Ғ.Өтемісов