Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Гүлшара Әбдіхалықова праймериз кандидаттарының сайлауалды бағдарламаларымен танысты

AstanaTV
21.09.2020ж. 20:00
2291
Гүлшара Әбдіхалықова праймериз кандидаттарының сайлауалды бағдарламаларымен танысты

Қызылорда Nur Otan праймеризінің 300 кандидаты жарыссөзде бақ сынап үлгерді. Бүгін 47-ші дода өтті. Кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларын аймақ басшысы Гүлшара Әбдіхалқова тындады. Партияішілік бәсеге қатысушылар өңірдегі өзекті проблемаларды өз бағдарламаларыне енгізген. Соған қатысты өткір ойларын да ортаға салды. Гүлшара Наушақызы кандидаттардың ұсыныстарын өзіне түртіп алды. Өз сөзінде жарыссөз  халықпен араға көпір орнату үшін мол мүмкіндік екенін жеткізді.

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Дебаттар сайланбалы органдарға және партиялық кадрлық резервке үміткер азаматтардың өзіндік ой пікірін жүйелі, дәйекті айта білуін, ашық пікір алмасуға дайындығын анықтайды. Сонымен бірге, жария пікір сайыс кері байланыс элементі ретінде қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеру, оларды шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.


М. Тоқтасынқызы