Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

"Birgemiz" қорынан бөлінген қаржылай көмекті Алматыда 8 мыңнан аса мұқтаж алды

AstanaTV
16.10.2020ж. 20:00
1918
"Birgemiz" қорынан бөлінген қаржылай көмекті Алматыда 8 мыңнан аса мұқтаж алды

Алматыда сегіз мыңнан астам адам, «Біргеміз» қорынан 50 мың теңгеден алды. Елбасы бастамасымен үлестірілген бір реттік қаржылай көмек негізінен мүгедектер мен зейнеткерлерге берілді. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және мүгедек бала асырап отырған отбасылар да бар.

Алтай ӨТЕБАЙҰЛЫ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

Ұлы Отан соғысына қатысқан тыл алдагерлеріне, жауынгерлерге қаражатпен көмектесті. Сіздерге ризамын. Нұр Отан партиясының көмегі де қолдау көрсетіп жатыр. Станислав Конкуровқа рахметімді айтқым келеді.


Станислав КАНКУРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

"Біргеміз" қоры 2020 жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент, «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін құрылған болатын.Жалпы алғанда, 60 мыңнан астам адам қор қаражатынан бесінші толқынның есебімен 50 мың теңгеден материалдық көмек алды.


Ә. Лесбек