Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Оралда оқ жарақатын алған бір жігіт ауыр хәлде ауруханаға түсті

AstanaTV
21.10.2020ж. 20:00
2349
Оралда оқ жарақатын алған бір жігіт ауыр хәлде ауруханаға түсті

Оралда кеше түнде атыс болды. Жастар топтарға бөлініп, қала орталығында төбелескен. Ақыры атысқа айналыпты. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бір жігіт- иығы мен кеудесінен оқ жарақатын алып, ауруханаға түсті. Ота жасалған жас жігіт- осы уақытта хәл үстінде жатқан көрінеді. Жастардың төбелесіне не себеп болды? Мұны тәртіп сақшылары әзірге айтпай отыр. Белгілісі, оқ- аңшылық мылтықтан атылған. Қару тәркіленді және төбелеске қатысқан жастардың барлығы ұсталды.

Болатбек БЕЛГІБЕКОВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Уақытша ұстау изоляторына оларды қамау және оларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылуда қазіргі уақытта. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Ал қалған деректер тергеудің мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Е. Карин