Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодарда «Jas Otan»-дықтар жоғары және орта оқу орындарының жатақханаларына мониторинг жүргізді

AstanaTV
23.10.2020ж. 20:00
2765
Павлодарда «Jas Otan»-дықтар жоғары және орта оқу орындарының жатақханаларына мониторинг жүргізді

Павлодарда "Nur Otan" партиясының "Jas Otan" жастар қанаты қаладағы жоғары және орта оқу орындарының жатақханаларына мониторинг жүргізді. Тексеру барысында "Jas Otan"-дықтар студенттер үйіндегі санитарлық талаптардың орындалуын бақылады. Бүгін Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде болды. Пандемияға байланысты студенттер қашықтықтан оқуға көшкендіктен, жатақханалар бос тұр. Мониторинг тобы тағы 7 студенттер үйіне тексеру жүргізуді жоспарлап қойған.  

Ғабит ХАФИЗ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл мониторингтің мақсаты біздің өңіріміздегі жоғары оқу орындар мен колледждердегі студенттерге арналған жатақханалардың ішіндегі жағдайы. Олардың қарапайым санитарлық гигеналық нормалар сақталған ба? Оларға арналып жасалынған жанағы тазалық шаралары жүзеге асырылып тұр ма? Осыны тексеру мақсатында жүргізіп жатырмыз.

Ө. Қуанар