Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда студенттік жатақханалар бірнеше тексерістен соң ғана жөнге келген

AstanaTV
23.10.2020ж. 20:00
2550
Атырауда студенттік жатақханалар бірнеше тексерістен соң ғана жөнге келген

Атырауда студенттік жатақханалар бірнеше тексерістен соң ғана, жөнге келген. "Jas Otan" жастар қанаты бастамасымен құрылған мониторингтік топ былтыр, студенттер үйінің кемшіліктерін анықтаған  еді. Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттің университетінің №2 жатақханасында тұратын 530 студентке бар-жоғы екі кір жуғыш машинасы бөлінген. Мониторинг топ ескертуінен кейін, тағы 9-ын сатып алынды. Қазір мұнда шалғай ауылдардан келген 90 студент онлайн оқып жатыр.

Айман ӨТЕШОВА, Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АМУ ЖАТАҚХАНАСЫНЫҢ КОМЕНДАНТЫ:
 
Ешқандай кезек күтіп тұрмайды. Күнделікті қай уақытта қалайды, сол уақытта жуа береді кірлерін.   Біз мемлекеттік сатып ала саламыз ғой. Сол кешіктіріліп келді де, қазір компьютер арқылы кілтпенен, содан алған заттар кешіктіріліп әкелді сол себептен.

Сондай-ақ Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде өрт сөндіру құралының саны көбейтілген. Мониторингтік топ мүшелерінің айтуынша, басты мақсат - білім қуған жастардың өмір сүру сапасын арттыру. Айта кетейік, аймақта 3 мыңнан астам студентке арналған 17 жатақхана бар. Әзірге солардың екеуінде ғана интернеті жоқ аылдан келген студенттер тұрып жатыр.

Ринат ҒИЛАЖЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ «JAS OTAN» ЖҚ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

2020 жылдың қаңтар айында қарағанда бұл кемшіліктердің әлі де бар екенін көрдік. Қазір бүгін келіп тұрмыз, жатақханалардың қай-қайсысында да сол кемшіліктердің барлығын толықтай жойылған.

Б. Надирқызы