Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбеде ерекше балалармен жұмыс жасайтын педагогтар үстемақы талап етуде

AstanaTV
30.10.2020ж. 20:00
3038
Ақтөбеде ерекше балалармен жұмыс жасайтын педагогтар үстемақы талап етуде

Ақтөбедегі оңалту орталығының қызметкерлері 60 пайыздық үстемақы талап етуде. Бүгін олар жиналып, талаптарын ашық жариялады. Айтуларынша Заң тұрғысынан бұған құқылы. Сонымен бірге өзге педагогтарға берілетін 56 күн еңбек демалысын сұрап отыр. Ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандардың ортақ талаптарын аймақтағы әріптесім тындап қайтты.

Ақжайық Тәкенова он жылдық тәжірбиесі бар логопед. Оның мына орталыққа келгеніне жыл өткен. Ерекше балалармен жұмыс істейді. Айына 65 мың теңге жалақы алады. Бірақ атқаратын жұмысымыз тиісті деңгейде бағаланбай келеді дейді.

Ақжайық ТӘКЕНОВА, ЛОГОПЕД:
 

Қазақстан заңына сәйкес педагог мәртебеміз бұл жерде сақталмай тұр. Статусымыз сай келмейді. Біз медперсонал деңгейінде жалақы аламыз. Без категорий, без надбавки, без стажа. Қазақстан заңына байланысты Денсаулық саласында педагогтардың статусын қарастырсын. Еңбек ақымыз сай келмейді.

Бұл орталықта 23 маман бар. Олар сал ауруымен, аутизммен, нейро-ортопедиялық патологиямен ауыратын жүзден астам баламен жұмыс жасайды. Күніне кем дегенде 17 баламен жеке жұмыс істеуге мәжбүр.

Алтынгүл ЖАНТІЛЕУОВА, ЭРГОТЕРАПЕВТ ДЕФЕКТОЛОГ МАМАН:


Үкіметтің қаулысы бар 2015 жылғы 31 желтоқсанда қабылданған. Онда туберкулез диспансерінде, шипажайларда, аудандық аурухана бөлімшелерінде және де мектеп-интернат, шипажай тектес денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істейтін, біз секілді мамандарға базалық лауазымдық окладқа 60 пайыз үстеме қосылу керек. Біз тек 20 пайыз аламыз. Бар мәселе - осы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы қызметкерлердің талаптарымен келіспейді. Өйткені заң жүзінде алпыс пайыздық үстемақы тек арнайы емдеу мекемелеріндегі педагог мамандарға ғана тиесілі деді.

Нұрлан КОЖИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Олар сұрап отырған 60 пайыздық үстемақы, «Шағала» шипажайы секілді туберкулезге шалдыққан балалармен жыл бойы қарым-қатынаста болатын мамандарға ғана төленеді. Яғни  мемлекет оларға алпыс пайыздық үстемақы төлеп отыр. Аяланың таба негізсіз. Жағдай онда басқаша, олар жалақысына 25 пайыздық үстеме алып отыр.
             
Елу алты күндік еңбек демалысын сұрауда орынсыз дейді шенеунік. Заңға сай тек мектептерде, жоғарғы және арнайы оқу орындарында қызмет ететін педагогтарға ғана берілетінін еске салды. Десе де, логопед, дефектолог мамандар алған бетінен қайтар емес. Олар бұл мәселені енді денсаулық сақтау министрлігіне жолдамақшы.

Б. Рахметова