Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Баянауыл ауданының экс-әкімі қамалды

AstanaTV
05.11.2020ж. 20:00
2614
Баянауыл ауданының экс-әкімі қамалды

Павлодарда тағы жемқорлық шу. Қаланың бұрынғы әкімдерінің бірі Оразгелді Қайыргелдинов қамауға алынды. Ол, Баянауыл ауданын басқарған кезінде заңсыздыққа жол берген. Экс-әкім бюджет қаражатын далаға шашты деген күдікке ілікті. Нақтырақ айтсақ қомақты қаражатқа жарамсыз аэродром салдырған, деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мамандары.

Ардақ БАЛҒОЖИН, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АГЕНТТІКТІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Павлодар облысының жемқорлыққа қарсы қызметі Баянауыл ауданының бұрынғы әкіміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктіге қамауға алу шарасы тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың бастамасымен 2017-2018 жылдары ауданға шағын ұшақтар қабылдайтын әуежай салынған болатын. Кейін аэродром стандарттарға сәйкес салынбағандықтан, жарамсыз деп танылды. Жобаға облыстық қазынадан 240 млн. теңге бөлінген. Алайда, істі тексерген құзырлылар шенеунік «бармақ басты, көз қысты» әрекетке де барғанын анықтапты. Өңірді 3 жыл басқарған Оразгелді Қайыргелдинов былтыр ғана өз еркімен қызметінен кеткен еді.

Ө. Қуанар