Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Тұрғын үйге жақын орналасқан инфекциялық аурухана құрылысына алматылықтар қарсы шықты

AstanaTV
12.11.2020ж. 20:00
2344
Тұрғын үйге жақын орналасқан инфекциялық аурухана құрылысына алматылықтар қарсы шықты

Алматылықтар, тұрғын үйге жақын орналасқан инфекциялық ауруханаға қарсы шықты. Олардың айтуынша, бұрынғы қонақ үйде, короновирустық инфекцияға шалдыққандар емделетін, көрінеді. "Індет ауа арқылы тараса ауданымыз, ауру ошағына айналады", дейді жергілікті халық. Тараптарды Әсем Лесбек тыңдап көрді.

Медеу халқынан маза қашқалы қашан?! Инфекциялық аурухана құрылысы, елді әбден әуреге салды. Сөздеріне қарағанда, мұнда "қытайлық індетке" шалдыққан науқастар емделетін көрінеді.

Маргарита СОВЕТСКАЯ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұдан екі ай бұрын бұл жерде қонақ-үй тұрды. Кейіннен аурухана айналады дегенді естідік. Жәй ғана клиника болса көрім ғой. Індет жұқтырғандарды емдейтін орталық болады, екен. Жан-жағы дұрыс қоршалмаған. Көлік тұрағы да жоқ. Ешқандай сақтық шаралары жасалынбаған.


Жергілікті халық нысанды әбден зерттегенге ұқсайды. Тіпті, төбесіне қандай желдеткіш тұрғанына дейін біліп алыпты. Тенихникалық қауіпсіздік сақталмаған дейді, жиналғандар.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

COVID-19-ға шалдыққандар емделсе, онда аудан корновирустық инфекция ошағына айнала ма, деген күдік бар.  Оның үстіне мамандар, «Қытайлық індет ауа арқылы да тарайды», деп елді шошытқан. Халық, неде болса аурухананы салдырмаймыз, деп отыр.

Гүлнәр БАДЫҒАНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Заң бар 500 метр жерде салуға болмайды. Поликлиниканы, не то что ковидтік поликлиниканы. Просто поликлиниканы салуға болмайды. Кісілер қалай жүреді мына жерде ковидпен аурып жүрген кісімен. Мына жерден балалар жүреді.

Жергілікті жұрттың шуы шенеуніктер құлағына жетіпті. Тіпті, қаланың бас санитары Жандарбек Бекшиннің өзі, ат терлетіп осында келіп кеткен екен...

Ал, қалалық прокуратура болса елге хатпен жауап беріпті. Құқық қорғаушылар, құрылыстың заңсыз жүріп жатқанын растаған. Сөйтіп, мердігер компания әкімшілік жауапқа тартылыпты. Бірақ, жұмыс сол беті тоқтамапты. Себебін білу мақсатында кәсіпорынға соқтық. Басшыларымен өкінішке орай сұхбаттаса алмадық.

Медет РАБАЕВ, АЛМАТЫ қ. ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
 
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 316 бабының 1 тармағы бойынша, 321 бабы және 322 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Одан басқа 463 бабының 1 тармағы бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары хабарламасыз салғаны үшін Алматы қаласы ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.


Прокуратура мен басқарма шешімі бар. Оған сәйкес, құрылыс жұмыстары тоқтап, кеткен қателіктер бір ай ішінде жойылуы керек. Кәсіпорын оған бағынбаса, онда бұл іс сотқа жетуі мүмкін.

Ә. Лесбек