Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оралдық бойжеткен сәбиін дәретханаға лақтырған

AstanaTV
26.11.2020ж. 20:00
2123
Оралдық бойжеткен сәбиін дәретханаға лақтырған

Батыс Қазақстан облысында 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін дәретханаға лақтырып жіберген. Жаға ұстататын бұл сұмдық оқиға Қазталов ауданының Жаңажол ауылында болған көрінеді. Полиция дерегінше, бойжеткен сәбиін үйінде босанған. Кейін сәбиді пакетке салып, дәретханаға тастаған көрінеді. Оның не себепті бұлай істегені белгісіз. Сот-дәрігерлік сараптама жұмыстары шақалақтың көп ұзамай суықтан үсіп өлгенін анықтады. Бұл оқиға бойынша полицияда қылмыстық іс қозғалды. Облыстық денсаулық сақтау департаментіінің хабаралуынша, босанған қыздың өзі ауруханада жатыр, жағдайы қалыпты.

Болатбек БЕЛГІБЕКОВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Өкінішке орай, Казталов ауданында осындай факт тіркеліп отыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 100 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 100 бап анасының шарананы өлтіру дерегі бойынша.

Е. Карин