Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жамбыл облысында 51 жолаушы қар құрсауынан босатылды

AstanaTV
30.11.2020ж. 20:00
1607
Жамбыл облысында 51 жолаушы қар құрсауынан босатылды

Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды. Оның тең жартысы балалар. Жуалы ауданында сенбі күні ақ түтек боран болып, "Алматы-Ташкент" күре жолының бір бөлігінде қозғалыс тоқтаған. Жүздеген көліктер жол бойында тұрып қалды. Төтенше жағдай қызметі жиырмаға жуық жеңіл көлікті қауіпсіз жерге шығарған. Мамандар ескерту алдын ала жасалса да, оған құлақ асатындар некен-саяқ деді.

Талғат САБЫРОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Қардың ішінде 21 жеңіл көлік тұрып қалды, бірақ біз алдын ала штармавой ескерту бергенбіз, соның арқасында жол полициясы уақыты жолды жауып, көп машинаны ұстап қалды.


Б. Жұмабайұлы