Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Атырауда короновируспен тіркелгендердің 80 пайызы «Теңіз» кеніші жұмысшылары

AstanaTV
03.12.2020ж. 20:00
2799
Атырауда короновируспен тіркелгендердің 80 пайызы «Теңіз» кеніші жұмысшылары

Атырауда короновируспен тіркелгендердің 80 пайызы «Теңіз» кеніші жұмысшылары. Соңғы күндері кәсіпорын қызметкерлері арасында қауіпті індетті жұқтырғандар саны қайтадан артып келеді.   Санэпид мамандардың айтуынша жұмысшылардың вахталық қалашында карантиндік шектеу шарасы орнатылған. Ел ішіндегі кеселдің таралу жағдайын тілшілеріміз айтып береді.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
 
Атырауда короновирустық инфекцияның соңғы тәулікте 31 жағдайы тіркелсе, оның 23 – і Теңіз кенішінің жұмысшылары болып отыр. Мамандар кәсіпорындағы жағдайға алаңдаулы.  
 
Дәрігерлер вахтаға жұмысқа келген және қайтар алдында жүргізілген скринингтердің нәтижесінде анықталып жатқанын айтады. Барлығы дерлік симптомсыз түрі деді. Қазір тоғыз ошақта ауру тіркелген.

Гүлнәз ЕРБАТЫРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ –ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
«Сүлеймен» вахталық қалашығында көп тіркелуде. «Инженеринг компанинг» деген компанияда  вахталық қалашықтарында. 5-тен көп ауру тіркелген жерлерде, ошақтарда індетке қарсы қаулы шығарып, карантин орнатылды. 23 ауру 9 ошақтан шығып отыр.
 
Жағдайға байланысты аймақтың санитарлық –эпидемиологиялық мамандары кеніште індеттің алдын алу шараларын бастап кеткен. Қазір кәсіпорын аумағындағы инфекциялық стационарында 102 адам ем қабылдауда. «Теңізшевроил» компаниясяның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір өндіріс аумағында алдын алу жұмыстары қауырт жүруде.
 
Естеріңізге салайық, қауіпті дерттің алғашқы толқынында «Теңіз» кенішіндегі жұмысшылар карантин талаптарын сақтамай, жаппай ауру жұқтырған еді.  Тіпті кәсіпорында карантинге жабылып, өндіріс аумағынан 20 мыңға тарта жұмысшы шығарылған болатын. Ал, Шымкентте жүкті әйелдер арасындағы кесел дәрігерлердің алаңдаушылығын тудырып отыр. Ол жайында әріптесім айтуға дайын.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Иә Базаргүл. Ал Шымкенттік дәрігерлерді әсіресе жүкті әйелдер арасында ауру жұқтырғандар алаңдатып отыр. Дегенмен ауруханада аяғы ауыр 2 анадан коронавирус анықталған. Қазір олар тиісті емін қабылдап жатыр.

Ақ халаттылар олардың дертті қайдан жұқтырғанын білмейді. Әлі эпидемиологиялық тексеру жүріп жатқанын айтты.  

Бақытжан ПОЗИЛОВ, ШЫМКЕНТ қ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қалалық инфекциялық ауруханада жатыр. Білікті мамандардың қарауында жатыр. Және де айтып кететін мәселе осы жүкті әйелдерге байланысты қазір ол жүкті әйелдер өзінің жүктілігіне қарамастан кейде бетпердесіз жүретін кездер болады немесе адамдардың көп шоғырланған жерлерінде байқаймыз жүкті әйелдерді.                              

Індет басталғалы үшінші мегаполисте 140 аяғы ауыр анадан ковид анықталыпты. Ақ халаттылардың алаңдауы бекер емес, көктемде Шымкентте 12 жүкті келіншек осы кеселден бақилық болды. Қатердің алдын алу үшін медицина мамандары қауіпсіздікті сақтауды ұдайы ескертіп отырғандарын дәйек қылды. Десе де құлақ асатындар аз.  

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Соңғы тіркелген дерек бойынша бір әулеттің бес мүшесінен Ковид табылыпты. Сондай-ақ, өңірдегі оқушылар арасында да бой көрсете бастаған. Ресми мәліметке сүйенсек 1-қыркүектен бері шаһарда 17 бала қытайлық індетті жұқтырған.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Шын мәнінде оқушылар арасында коронавирустық инфекция өршіп тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша оқу басталғалы індетті 2 мыңнан астам оқушы жұқтырған. Оның 622 кезекші сыныпта білім алса, қалғаны қашықтан оқиды.

COVID-19 негізінен Шығыста ең көп тіркеліпті, мұнда 740 баладан анықталған. Тізімді әрі қарай Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстар жалғастарады. Оқудың екінші тоқсаны басталғалы елорданың 13 мектебі карантинге жабылып отыр. Сондай-ақ елде сырқаттану көрсеткіші тұрақтады деп айтуға келмейді. Өйткені, тәулік сайын орташа есеппен 700 адамнан коронавирус табылуда.  

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 827 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 904 бала бар. Ауруханаларда 3 541 науқас жатыр.  10 286 адам амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда. Індет жұқтырған 218 адамның ахуалы нашар. Соның  ішінде 35 емделушінің жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені  жасанды желдету құрылғысына қосылған.


Өткен тәулікте қытайлық індетке әлемнің 358 мыңға жуық тұрғыны шалдыққан. Түркияда COVID-19-дан өлім-жітімнің көбеюіне байланысты коменданттық сағат енгізілді. Ал, Жапония Парламенті өз азаматтарын тегін вакцинациялау туралы заңды қабылдады. Мұнда екпе алуға  толықтай міндеттелді.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, вакцина пайда болғанша коронавирустың үшінші толқыны басталады деп болжады. Бұл орайда әр мемлекет науқастардың санының артуына жол бермеу керек екеін тағы ескертті. Әйтпесе, екпе тапшылығы туындауы мүмкін дейді. Сондықтан кез келген адам санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс.


А. Данияр, Б. Нәдірқызы, А. Төребекқызы