Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ОСК "Адал" және "Ақ жол" партияларынан сайлауға түсетін кандидаттарды тіркеді

AstanaTV
04.12.2020ж. 20:00
2251
ОСК "Адал" және "Ақ жол" партияларынан сайлауға түсетін кандидаттарды тіркеді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Адал» және «Ақ жол» партияларынан сайлауға түсетін кандидаттарды тіркеді. Қос саяси ұйымнан жалпы саны 54 адам ұсынылған. Олардың 30 пайыздан астамы қыз-келіншектер болса, 31 пайызын 29 жасқа толмаған белсенді жастар құрайды.  Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовтың сөзіне сенсек, кандидаттардың барлығы сайлау талаптарына сай келеді.  

Серік СЫДЫҚОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігі тексерілді. Партиялық тізімге енгізілген барлық кандидаттар Конституцияның және «Сайлау туралы» заңның талаптарына сай келеді. Сондықтан аталған партиялардың атынан сынға түсетін үміткерлерді бекіту жайлы қаулы қабылдауды ұсынамын.

Комиссия отырысында бұдан бөлек бақылаушылар мен саяси партиялардың сенім білдірген азаматтарға қойылатын талаптар ескертілді. Сенім білдіруші азаматтар қатарына саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Аталған азаматтардың да заң шеңберінде әрекет етуі қатаң бақылауға алынбақ.

Ғ.Өтемісов