Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Президент Ақордада ауқымды баспасөз мәслихатын өткізді

AstanaTV
14.09.2017ж. 20:00
1981
Президент Ақордада ауқымды баспасөз мәслихатын өткізді

Теңге девальвацияға ұшырамайды. Оған ешқандай себеп жоқ. Ақордада өткен ауқымды баспасөз мәслихатында Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. "Ұлттық валюта күзде құлдырайды" деген, сарапшылардың болжамын "бос сөз" деді. Ал үш ай бойы Елорда төрінде бар сән салтанатымен өткен маңызды шара халықаралық ЭКСПО көрмесінен ұтқанымыз өте көп деді. "185 елден өкілдер келді, Астананы бұрын соңды көрмеген отандастарымыз ағылды, бизнес көтерілді, енді көрме өткен ғимараттарды пайдаланатын боламыз, жалпы іс-шараға жұмсалған шығын артығымен өтелді", - деп ағынан жарылды мемлекет басшысы. Мұнан бөлек, күн тәртібінен ойып тұрып орын алған латын әліпбиіне көшу жайына тоқталды, даулы оқулықтарға қатысты да пікірін бүгіп қалмады. Журналистер елбасына Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы, АҚШ басшысы Трамппен әңгімесі және Сирияға әскер жіберуге қатысты ұстанымы туралы саяси сауалдарын да жолдап, тұшымды жауап алды.

Бұрын-соңды Ақордада мұндай форматта баспасөз мәслихаты өткен емес. Журналистердің сұрақтары да қордаланып қалған. Президент барынша ашық болуға, әр сұрақты қалт жібермей жауап беруге тырысты. Екі сағатқа созылған брифингте бәрі қамтылды деуге болады. Президент ЭКПО-дан соң доллар күрт өседі деген қауесетке нүкте қойды.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Это досужие домыслы. Никаких предпосылок, по крайней мере сейчас, для этого нет. Свободно плавающий курс тенге правильный. Если жёстко его привязать, то придётся тратить государственные деньги. Мы уже привыкаем. Во всём мире так.

Қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан латын әліпбиі,  оның ішінде "сәбіз" туралы келеке сөз де Президенттің құлағына жеткен екен.  Бұл ретте күнделікті көріп жүрген ағылшын тілінің қосарланған әріптерін мысалға келтірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мне вчера говорили о том, что люди задаются вопросом, как читать букву "ә" в слове сәбіз. Буква "ә" передается как "ае". Они говорят, мы должны читать "саебиз". Тогда, может, вспомним, как нужно читать слово boeing на английском? А как читаем слово "школа" (school) на английском? На французском языке, к примеру, необходимо десять букв, чтобы произнести одно слово. Поэтому неправильно так говорить.

Ал АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы болған әңгімеде Ресейге қарсы санкция Қазақстан экономикасына әсер етпейді деп, сендірген. Елде қазір 500 америкалық компания жұмыс істейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Просил, чтобы санкции, которые сейчас идут, не повлияли на работу этих компаний. Причём он заверил, что Казахстана это не касается. США с Казахстаном заинтересованы наращивать отношения дальше.

Президент халықаралық өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарға да жауап берді. Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталған Астана келіссөздері жөніндегі ойын ортаға салды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Есть такой вопрос, который нам задавался в части деэскалации. Во-первых, согласно нашей Конституции, мы можем отправлять в горячие точки только с решения Парламента. Во-вторых, у нас ОДКБ, по уставам не предусмотрено участие в таких военных действиях. Но если ООН примет решение о направлении таких сил, то мы как члены ООН можем направить своих военных туда.

Елбасына қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің таяуда болатын жекпе-жегі туралы сұрақтар да қойылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Эта встреча очень важная. Мексиканец Альварес очень знаменитый человек, тоже высшего класса боксёр. Но этот поединок даёт возможность. Уверен, что победит наш Головкин, станет королём профессионального бокса в среднем весе. Он окажется наравне с Мохаммедом Али, Тайсоном. Это для него очень важно. Давайте все пожелаем ему больших успехов, я буду смотреть, несмотря на то, что буду с визитом у наших соседей. Будем все болеть за него.

Назарбаев «Астана» арнасы қойған сауалға: "Президенттің жұмысы қол қоюмен немесе бұйрықпен, заңмен немесе кездесулермен шектелмейді. Жұмыстың 90 проценті бұқаралық ақпарат құралдарында көрінетін ақпараттан тыс жатыр. Сіздерге айтарым - бұл ауыр жұмыс. Өз тәжірибеңмен бірге, денсаулықтың мықтылығы мен қайрат-жігерді, психологиялық және эмоциялық қуатты талап етеді", - деді. Мемлекет басшысы Қазақстан мұнай өндірісін шектеу бойынша ОПЕК келісімін әрі қарай да қолдайды дегенді де қоса кетті.