Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Астана" концерт залындағы № 139 сайлау учаскесінде Заң бұзушылық тіркелмеді

AstanaTV
10.01.2021ж. 20:00
2178
"Астана" концерт залындағы № 139 сайлау учаскесінде Заң бұзушылық тіркелмеді

Сайлау учаскелері өз жұмыстарын аяқтады. Таңдау жасалды. Елордада сайлау қызу жүрген учаскелердің бірінен тілшіміз Ғалымжан Өтемісов тікелей байланысқа шықты. Ғалымжан қайыры кеш. Номері 139-шы сайлау учаскесінде дауыс беру қалай жүрді?

Рахмет Әмина! Нұр-сұлтандағы "Астана" концерт залында орналасқан 139 сайлау учаскесінде дауыс берушілер бүгін үлкен белсенділік танытқан. Сайлау аяқталды. Жәшіктер бюллетеньге толды. Енді көп ұзамай дауыс санағы басталуы тиіс. Ал, сайлаудың күндіз қалай жүргенін мен әлгінде учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Аңсар Қапышевадан сұрап білгенмін. Қазір сол сұхбаттан үзінді тыңдап көрсек.

Аңсар ҚАПЫШЕВА, №139 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Сайлау науқаны ойдағыдай өтті. Азаматтар өздерінің таңдауын жасауға бейжай қарамайтындарын білдірді.  Тіркелген адамдардың басым бөлігі катысты деп айта аламын. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Енді дауыс санауға кірісетін боламыз.


Биылғы сайлаудың тағы быр ерекшелігі, алғашқы рет дауыс берген азаматтарға ұйымдастырушылар Ұлы Абай кітабын сыйға тартты. Айта кету керек осы 139 сайлау учаскесінде бүгін ешқандай Заң бұзушылық тіркелмеген екен. Талаптардың сақталуын тәуелсіз бақылаушылар тапжылмай қадағалады.  Менде бар ақпарат легі әзірге осы. Әмина...

Ғ. Өтемісов