Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Парламент Мәжілісіне ҚХА атынан 9 депутат сайланды

AstanaTV
11.01.2021ж. 20:00
1914
Парламент Мәжілісіне ҚХА атынан 9 депутат сайланды

Парламенті Мәжілісіне Қазақстан Халқы Ассамблеясы атынан 9 депутат сайланды. Бүгін аталған ұйым атынан ұсынылған кандидаттарға дауыс беру рәсімі өтті. Оның нәтижесінде 9 үміткердің барлығы да төменгі палатадан орын алды. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясына өңірлерден ассамблея мүшелері жиналды. Сондай-ақ, Елбасы мен ел Президенті де келіп, дауыс берді. Үкімет басшысы Асқар Мамин, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов және «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те дауыс берді. Дауыс беру рәсімінен кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, ұйымның айрықша ролін атап өтті.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Ассамблеямыз 25 жылдан бері еліміздегі этностар мен діндерді бір-біріне жақындастыратын, төзімділікті тәрбиелейтін, бірлікті насихаттайтын, елімізді алға жетелейтін бірегей орган болып келе жатыр. Басқа елдер, халықтар бізден үйреніп жатыр.

Ә. Өмірзақ