Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бестамақтағы шошқа фермасы жұмысшылары мен тұрғындар арасында дау туды

AstanaTV
13.01.2021ж. 20:00
3236
Бестамақтағы шошқа фермасы жұмысшылары мен тұрғындар арасында дау туды

Ақтөбенің Бестамақ ауылындағы тұрғындар мен шошқа фермасының жұмысшылар арасында дау туды. Жұмыссыз қалудан қорыққандар, ферманы жауып тастауға қарсы. Жергілікті тұрғындар да алған бетінен қайтар емес. Арадағы айқай-шуды тәртіп сақшылары мен атқамінерлер әрең басты. Оқуға орнынан аймақтағы әріптесім Бақыт Рахметованың репортажы.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

 
Бүгін Бестамақ ауылының халқы мал шаруашылығы кешені алдына тағы жиналды. Қаншама наразылыққа қарамастан шаруашылықтың әрі қарай жұмыс жалғастырып жатқанына наразылық танытқын халық билікке өз талаптарын қойды.

Шаруашылық жұмысшыларын жергілікті тұрғындар осылай айыптады. Айқай-шудың арты, жаға жартысуға ұласа жаздады. Ауыл хылқы 10 жылдан бері қолқаны қапқан иістен шаршағандарын, одан қалды қоршаған ортаны ластап жатқандарға бей-жай қарап отыра алмайтындарын ескертті. Ал, жұмысшылары болса нәпақадан қағылатындарына көндіге алар емес. Мұндағы жұмысшылардың дені қаладан келіп істейді.   

Петр МУРАШКЕЕВИЧ, ФЕРМА ЖҰМЫСШЫСЫ:


Бұл жерге тауып отқан нанынан, яғни жұмысынан айырылып қаламыз ба деп қорыққан халық шықты. Қазір бізде 400 адам жұмыс істейді. Ертең ферма жабылса, олар қайда барады. Бізге мұнда барлық жағдай жасалған. Мекеме жіберген кемшіліктерін жояды деп ойлаймын.

Гүлнәр АЙТЖАНОВА, БЕСТАМАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Талабымыз жабу. Оразалин қалай деді болмаса бағыт өзгертсін. Ірі қара тұр ғой. Түйе, жылқы ұстай берсін. Шошқаны алып тастау керек. Не деген масқара бүкіл жерді бүлдіріп, боғын ағызып жатыр.

Бұл бейнежазбаны жуырда ауыл тұрғындары әлеуметтік желіде жариялады. Етке сойылған шошқаның қалдықтары тасталған шұңқырлар, арнайы техникамен тегістеп жатыр. Бұқара тергеу аяқталмай шаруашылық басшылығының дәлел болар жерлердің көзін жойып жатқанына ашулы.  

Нұрбек ЖҰБАНҚАСОВ, БЕСТАМАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Ағып жатқан суға труба өткізіп қойған дамбыға ше бассейнге кетіп жатыр. Ол жабдықталмаған. Төгіп жатыр әшейін. Ешқандай нәтиже жоқ. Қайтадан барлығын тегістеп тастауға неге рұқсат береді. Тергеу жүріп жатқанда олар дәлелді жойып жатыр.

Халыққа басу айтуға бұл жерге шенділерде жетті. Олар ешқандай дәлелдің жойылмайтынына сендірді. Тәуелсіз сараптама тағайындалғанын айтты.

Нұржауған ҚАЛАУОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


20 қаңтарда  сараптама келеді осы жерге. Өйткені Ақтау қаласына жібердік. Солар полициямен бірге осы жерді келіп қарайды. Тегістеп тастап жатыр деген жерлерді барлығын қаншама тегістесе де қазылып проба алынады. Осыған дейінгі экология, жер инспекциясы, ветинспекция анықтаған кемшіліктер қайта тексеріледі.

Дауға айналған бұл іске соңғы нүктені енді сот қоятын болады. Сот істі қарауды бастаған. Шаруашылыққа қатысты экология департаменті 13 әкімшілік іс қозғап, 1 млн 250 теңге көлемінде айыппұл салған.

Б. Рахметова