Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Шалқиялықтар мектеп директорының жұмыстан кетуін талап етіп отыр

AstanaTV
14.01.2021ж. 20:00
2825
Шалқиялықтар мектеп директорының жұмыстан кетуін талап етіп отыр

Қызылорда облысындағы Шалқия кентінің тұрғындары балаларын мектепке жібермей отыр. Олар мектеп директорының орнынан кетуін талап етуде. Өйткені білім ошағында береке қашқан. Ұзтаздардың өзі екіге бөлініпті. Мұны мұғалімдер де жоққа шығармайды. «Бірін-бірі аңдыған ұстаздар балаларға қандай тәрбие мен білім бермек» дейді ашынған ата-аналар.

Мектепке оқушылар емес, ата-аналар жиналды. Олар мектеп директорының орнынан кетуін талап етуде. Айтуларынша, ол басшылық еткен екі жылдың ішінде білім сапасы едәуір төмендеп кеткен. «Ұжым өз ішінде жік-жікке бөлініп, оқушылардың сабақ оқуына кедергі келтіріп жатқанына ашулы. Көпшілік  директор орнынан кетпей балаларын мектепке жібермейміз деп шешіпті.

Гүлжан ҚАМБАРБЕКОВА, ШАЛҚИЯ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен жібермеймін. Білім жоқ. Өйткені апайы өзінің басымен әуре болып жүр. Санаған жоқпын. Бірақ ата-аналардың жартысы балаларын жібермей отыр.

Гүлзейнеп АМАНБАЕВА, ШАЛҚИЯ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:


Басшы болғаннан кейін ұстап, білімді талап ету керек. Бұларда қазір ондай ешкім жоқ. Қарақан басы, тұрымтай тұсы, қазір мұғалімдер үшке бөлінген. Біреуі директор жақты жақтайды, бірі үлкен мұғалімдер жақты жақтайды.

Мектептен береке қашып, ішіне іріткі түскенін мұғалімдер де растап отыр. Айтуларынша, директордың тапсырмасымен бірін-бірі аңдуға көшкен ұжым, жұмысты ысырып қойған. Ұстаздар өз қалтасынан ақша шығарып, кабинеттерін жабдықтасын деп міндеттеп қойғанын да жеткізді.  
 
Баян ТӨЛТАЕВА, ШАЛҚИЯ КЕНТІ №86 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Мұғалімдерді бірінің артына бірін аңдытып салып қойғаны рас. Сол жөнінде біз қатты қысым көріп жатырмыз. Алты ай болды біздің арызданып жүргенімізге. Алдымыз ауру болдық. Сынып жетекшілерге айтып жатыр, перде қадаңдар, жалюз қадаңдар деп. Неге олар қадау керек. Олар отыр қадамаймыз деп, бірақ айта алмайды.
 
Мектеп директоры болса, наразы топтың пікірімен келіспейді. Ол әбден ескірген нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жасап, білім ұясы үшін тынбай тер төгіп жүргенін алға тартты. Ал ұжым ішіндегі алауыздықты, тәртіпке бағынғысы келмегендердің әрекеті деп түсіндірді.  

Фарида НИЯЗОВА, ШАЛҚИЯ КЕНТІ №86 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Менен заңбұзушылық болса, мені басшыларым бұл жерде қоймас еді.Мен заңды әрекет жасаймын. Және мен заңды әрекет жасаған соң соған мұғалімдер көндіккісі келмейтін сияқты.

Тұрғындардың талаптары білім басқармасындағыларға да жетті. Әбден шиеленіскен мәселені негізге алған шенділер, мәсеені май шаммен қарауға уәде етті.  

Берік ЖӘНІБЕКОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Бұл мектеп директоры мен ұжым арасындағы қарым-қатынастың күрделенуінен орын алып отыр. Алайда, оқу-тәрбие процесі мектепте қалыпты жүргізілуде. Сабаққа байланысты қатыспау жағдайлар орын алмаған. Ата-аналардың, ұжымдардың пікірін ескере келе, қазіргі уақытта білім басқармасында мектеп директорын қызметтен босату жөнінде мәселе қазір қаралып жатыр.

Ал аядай ауылды шулатқан басшының болашақта қандай қызметке орналасатындығы белгісіз. Тек мектептегі мұндай даудың салқыны білім процесіне кері әсерін тигізбесе болғаны.

М. Тоқтасынқызы