Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Арыстық кәсіпкерлер жарылыстан қираған ғимаратының шығынын өндіре алмай жүр

AstanaTV
15.01.2021ж. 20:00
2949
Арыстық кәсіпкерлер жарылыстан қираған ғимаратының шығынын өндіре алмай жүр

Арыстағы жарылыс кезінде бүлінген кәсіпкерлік нысандардың кейбірінің қожайындары, әлі күнге тиісті өтемақыны алмаған. Бір жарым жыл бұрын болған апаттан зардап шеккендер, бармаған жер, баспаған тау қалмағанын айтты. Шығынын өндіре алмай жүргендердің ұзын саны елуге жуықтайды. Әлдеқашан қолға алынған бұл шаруаға неге нүкте қойылмай келеді? Әріптесім Айзада Төребекқызы анықтап көрді.

Бұл Арыстағы жарылыс кезінде бүлінген үлкен ғимараттардың бірі. Мұхамеджан Сапарханның шығынын өндіре алмай жүр. Жеке кәсіпкердің екі бірдей ғимаратына бірнеше снаряд түскенін айтады. Шаш етектен шығынға баттым, алайда оны төлеп беретін ешкім жоқ деді.  

Мұхамеджан САПАРХАН, КӘСІПКЕР:

Бір ғимаратым мүлдем жарамсыз болып тұр. Бұның ішінде 4-5 снаряд кірген. Екінші ғимаратыма екеуі кірген. 60 млн теңге ушерб болып отырмын.  Мен өзім қаражатымды сұрап жатырмын мен. Жүрісім мынау, денсаулық жоқ уже, ауырып тындық.


Жарылыстан нысандары қирап, милиондап шығынға батқан арыстық кәсіпкерлер БАҚ өкілдерінен көмек сұрап жүр. Өйткені шенеуніктер мәселені шешуге құлықсыз екенін алға тартты.

Убайдулла СҮЙІНБАЕВ, КӘСІПКЕР:


Ұлттық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған «Менің атамекенім» қоры төлеп береміз деген. Солар осы күнге дейін ақшасын төлеп бермей отыр. Менің қазіргі алу керек ақшам бизнес обьектілеріме- 78 миллион 812 мың теңгені құрайды.


Бақсұлу ҚУАТОВА, КӘСІПКЕР:

Жарылыс кезінде менің сауда-саттық орным зардап шеккен. 12 млн 890 мың ақша шыққан. Переоценка істеп 8 млн 290 мың қылып қойды.Бірақ оны да әлі ала алмай отырмыз.

Бизнес иелерінің шығыны Ұлттық Атамекен кәсіпкерлер палатасының бақылауымен төленгені белгілі. Палата жанындағы «Менің Атамекенім» арқылы бүлінген 416 нысанға 3 млрд теігеден астам өтемақы төленген. Алайда табанымыздан тоздық деген бизнесмендер қаржыны үлестіру барысында бірқатар шикіліктерге жол берілгенін жеткізді. Содан болар, бізге жетпей қалды дейді.

Убайдулла СҮЙІНБАЕВ, КӘСІПКЕР:

Арыс қаласында әскери бөлімде мөлтек аудан бар ғой, сол жерде Лепесұлы Төлебай батыр деген көшеде 24/78 деген адреске 30 миллион «дүкен» деп ақша шығарған. Ал ол жерде 24 деген сан жоқ мүлдем. Ол көшенің аяғы 16 мен бітеді өзі. Бір нысанға 4 рет ақша шығарған.Оның иесі айтып отыр» мен біреуін алдым дейді. ал үшеуін білмеймін дейді.  Оны кім істеп отыр сонда?!


«Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләззат Шыңғысбаева болса, барлық түскен қаржы құжатқа сай аударылғанын айтады. Тіпті тиісті қаражатқа қолы жетпей жүргендерді әлі де бақылауда ұстап отырғанын телефон арқылы жеткізді. Мәселені жергілікті әкімдік көтеруі тиіс деп қосты. Ал облыстың жауаптыларының жауабы қысқа болды.  

Мәди ИБАДУЛЛАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

48 кәсіпкердің ғимаратын қалпына келтіруге 358 млн теңге қаражат қажеттігі туралы қоғамдық бірлестік орталық мемлекеттік органдарға, министрліктерге хат жолдап, осы мәселені шешуге ақша бөлу бойынша жұмыс жасап жатыр. Бүгінгі таңға өңірлік кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені өзінің қарауына алған.


Қаржының нақты қашан төленетіні әзірге белгісіз. Ақшасын даулап амалы таусылғандар ел Президентінен көмек сұрайды.

А. Төребекқызы