Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Түрме бастығының экс-орынбасары сотталды

AstanaTV
28.01.2021ж. 20:00
2339
Түрме бастығының экс-орынбасары сотталды

Абақтыдағы азаптау. Тобыл өңірінде жазасын өтеушілерді жазықсыз қинаған түрме бастығының орынбасары жазаға тартылды. Құсмұрындағы колонияда қызмет атқарған Азат Шоқановқа былтыр айып тағылған еді. Экс-орынбасар сотталғандарды азаптады деген күдікке ілінген. Алайда УК- 161/4 мекемесінің таратылуына байланысты сот процесі ұзаққа созылды. Себебі жәбірленушілер мен түрме қызметкерлері де жан-жаққа тарап кеткен. Әйтсе де «азаптау» бабы бойынша сотқа жеткен жалғыз қылмыстық істің, жазасы жария болды.

Зәуре ЕДИКОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Әулиекөл аудандық соты Құсмұрын кентіндегі УК- 161/4 колониясы бастығының орынбасарын екі жарым жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар қасақана физикалық және писихикалық азап келтіргені үшін оған 3 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

З. Санай