Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Сәбиін дәретханаға тастаған оралдық бойжеткенге сот үкім кесті

AstanaTV
08.02.2021ж. 20:00
2062
Сәбиін дәретханаға тастаған оралдық бойжеткенге сот үкім кесті

Жаңа туған сәбиін дәретханаға тастап, одан құтылмақ болған оралдық бойжеткенге бүгін сот үкім кесті. Оны екі жылға бас бостандығынан шектеді. 19 жастағы студент ата-анасынан қорыққан соң, осындай қадамға барған көрінеді. Ол сотта кінәсін толық мойындаған. Пакетке оралған шақалақтың ауа жетпей, тұншығып өлгенін сот дәрігерлік сараптама арқылы анықтаған.

Нұргүл ҚАНАТБАЕВА, БҚО СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Сот үкімімен азаматша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы, яғни "Жаңа туған нәрестені анасының өлтіру" бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл қылмыс орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатады. Сот сотталушыны айыпты деп танып, сотталушыға екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Жаға ұстатарлық бұл оқиға Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында былтыр қарашада болған. Сот материалдарынан белгілі болғандай, бойжеткен 8 айлық сәбиін үйінде босанып қалған. Әке-шешесі жоқта шаранадан құтылуға асыққан ол, ұлын пакетке орап, дәретханаға тастапты. Кейін ізін жасыру үшін үйін қаннан тазартқан. Кінәсін толық мойындаған сотталушы, ата-анасынан қорыққанын, әрі жігіті баладан бас тартқан соң осындай қадамға барғанын айтыпты.

Е. Карин