Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қостанай жолдарында 184 рет жол ережесін бұзған ресей азаматы ұсталды

AstanaTV
11.02.2021ж. 20:00
1585
Қостанай жолдарында 184 рет жол ережесін бұзған ресей азаматы ұсталды

Қостанай полицейлері 184 рет жол ережесін бұзған жүргізушіні ұстады. Ережені ескермеген Ресей азаматы енді 3 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл төлеуі тиіс. Жылдамдықпен жүйткіген жүргізушіні патрульдік полиция қызметкерлері анықтады. Ресей азаматы көлікті жалған сақтандыру полисімен басқарғаны белгілі болды. Құқық бұзушының темір тұлпары айыппұл тұрағына қойылды. Ереже ескермеген шетелдік әкімшілік айыппұл арқалады. Шамамен 3 жарым млн теңгеден асатын қаражат төлеуге міндеттелді. Полицейлердің хабарлауынша аймақта жыл басынан бері 1600-ден астам жол ережесін бұзу фактісі тіркелген. Тағы мыңға жуық деректі «Автоураган» жүйесі анықтай алмаған. Өйткені олар шетелдік нөмірдегі көліктер. Оның тоғыз жүзі ресейлік, жиырмасы армения, елу алтысы қырғыз нөмірлі автокөліктер көрінеді.

Динара ШӘРІПБАЕВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ТӘЖІРИБЕ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Жүргізуші Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 230 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Халық компаниясының жалған сақтандыру полисін қолдануы бойынша материал жиналып, тексерісте.

З. Санай