Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордадағы жатақхана тұрғындары ауыз сусыз отырғалы аптадан асты

AstanaTV
15.02.2021ж. 20:00
1739
Елордадағы жатақхана тұрғындары ауыз сусыз отырғалы аптадан асты

Ал, Елордада жатақхана тұрғындары шу шығарды. Олар ауыз сусыз отырғандарына аптадан асқанын айтып, шағымданды. Айтуларынша кәріз жүйесі істен шыққан. Осының салдарынан тіршілік көзінен ажыратылыпты.  Айта кету керек, әбден тозығы жеткен жатақхана тұрғындарының дені көп балалы аналар мен егде жастағы азаматтар. Толығырақ тұрғындармен тілдесіп қайтқан әріптесім Бекболат Сатуов тарқатсын.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Иә, мұндағы тұрғындар табанымыздан тоздық деп қапалы. Базыналы жұрт қайда барсада жөнді жауап ала алмайтын көрінеді. Айтуларынша мәселенің барлығына пәтер иелері коперативінің жауапсыздығы себеп дейді.

Жатақхана іртетасының қаланғанына, 50 жылға жуықтапты. Содан бері жібі түзу жөндеу көрмеген, бүгінде тозығы жеткен. Соңғы жылдары кәріз жүйесінің істен шығуы да, қалыпты жағдайға айналыпты. Алайда бұл жолғысы тұрғындарды әбден қажытқан көрінеді.

Жадыра ИСМАНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Құбыр жарылды, астынды канализатция жарылды. Барлығы астына кетіп жатыр, осында. Туалетті құлыптап тастаған. Суды сөндіріп тастаған. Ол бірінші рет емес. Ол әрдайым солай болып жатыр. Құбырды біз өз қаражатымызға жөндейміз. Бірақ КСК-ның ақшасын әрдайым төлейміз.


Айтуларынша тұрғындар жауапты пәтер иелері кооперативіне айма-ай ақша төлейді. Алайда көпшілік соңғы кездері жауапты орынның бар-жоғына да күмәнмен қарайды. Жергілікті әкімдік болса, бұл жатақханада пәтер иелері кооперативі жоқ екенін мәлім етті.

Еркебұлан КӨШКІНБАЙ, САРЫАРҚА АУДАНЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Иә, аталған үй туралы хабардармыз. Қазіргі таңда бұл үйде қызмет көрсетуші, яғни КСК жоқ. Сол себепті тұрғындарға ортақ мүлікті күтіп ұстау үшін заңға сәйкес мүлік иелері бірлестігін құруға бірнеше рет кеңес бергенбіз.


Жергілікті атқамінерлерден қайыр жоқ. Тығырыққа тірелген тұрғындар өз ішінен бас көтеріп, ортақ қаражат жинап кем-кетігін түгендейге кеңес береді. Айтып өтейін құбыры тесіліп, кәріз жүйесі істен шыққан баспанада 160-тан астам отбасы тұрып жатыр. Жағдайға көндіге алмағандары, бөлмелерін жалға беріп кеткен.

Б. Сатуов