Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шымкентте құлаған иесіз ғимаратың астынан табылғандар темір кескен болуы мүмкін

AstanaTV
15.02.2021ж. 20:00
1959
Шымкентте құлаған иесіз ғимаратың астынан табылғандар темір кескен болуы мүмкін

Шымкентте  индустриалдық аймақ аумағында үйінді басып қалғандар, темір кесіп жүрген болуы мүмкін. Оған қиранды астынан табылған марқұмдардың көлігі мен құрал-саймандары дәлел. «Ордабасы» интустриалдық аймағында орналасқан бос ғимараттардың бірінің шатыры сенбі күні опырылып түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушы жасағы оқиға орнында үш сағаттай жұмыс істеді. Үйінді астында қалғандарды іздестіруге иесшіл иттің көмегі қажет болды. Айта кетейік, құлаған бетон астынан үш бірдей ер адамның мәйіті табылды. Ескі ғимарат болғандықтан құтқарушылардың өзі, бастарын қатерге тігуіне тура келді дейді төтеншеліктер. Өйткені бетон қабырғалар ауыр темір тіреуіштермен бекітілген екен.

Орынбасар ТӨРТБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Алдын ала болжам бойынша бір адам сол жерде қарауыл болып жұмыс істейді деген мәлімет кеп түсті. Енді ол жерде ғимараттардың астынан темір бетондарды қырқу барысында оқиға сондай болған деп жорамал бар енді. Ол жерде білесіздер, біздің құтқарушылар да жұмыс істеген кезде өз өміріне қауіп төніп тұрды, себебі ол жұмыс істемейтін ғимарат.  

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, қайтыс болған күзетші индустриалдық аймақта жұмыс істегенмен, дәл оқиға болған күні жұмысқа түспеген көрінеді. Қазір болған жәйтке байланысты полиция тергеу жұмыстарын бастап кетті. Полиция 22, 29 және 54 жастағы марқұмдардың үшеуі де Шымкент қаласының тұрғыны екенін  мәлімдеді. Айғақты зат ретінде автокөлік пен табылған заттар алынып, тиісті сараптама тағайындалды.

А. Төребекқызы